Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

№ 1 (26) - 2025 / 2025-03-31 - 2025-03-31 жаңартылды / Көрілім саны: 37

МАҚСАРЫ МАЙЫ НЕГІЗІНДЕГІ ШПИНАТ ТҰЗДЫҒЫНЫҢ САҚТАУ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

«Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ» ЖШС АФ
https://orcid.org/0000-0002-8552-5425
«Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ» ЖШС АФ
https://orcid.org/0000-0002-4313-1540
«Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ» ЖШС АФ
https://orcid.org/0000-0002-0540-1685
«Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ» ЖШС АФ
https://orcid.org/0000-0002-0319-8118

Кілтті сөздер

шпинат, мақсары майы, тұздық, физика-химиялық қасиеттер, органолептикалық қасиеттер

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.26-748

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Тултабаев, М., М. Султанова, Н. Акжанов, і Сәдуакас A. «МАҚСАРЫ МАЙЫ НЕГІЗІНДЕГІ ШПИНАТ ТҰЗДЫҒЫНЫҢ САҚТАУ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 26, Березень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.1.26-748.

Аңдатпа

Бұл мақалада мақсары майы негізінде шпинат тұздығының сақтау тұрақтылығын анықтауға арналған зерттеу жұмыстары қарастырылды. Шпинат құрамында A, C, K дәрумендері мен темір, магний сияқты минералдар бар, олар иммунитетті нығайтуға ықпал етеді. Мақсары майы линол қышқылы мен антиоксиданттарға бай, сонымен қоса жүрек-қан тамырлары жүйесіне пайдалы әсер етеді. Тұздық дайындау процесі 85°C температурада шпинатты бланштау, оны салқындату және паста тәрізді консистенцияға дейін жеткізу, содан кейін май, лимон шырыны, сарымсақ және дәмдеуіштерді қосу арқылы жүзеге асырылады. Тұздық сапасын бағалау үшін қышқылдық (pH өлшегіш  әдісі), ылғалдылық (құрғату әдісі) және май қышқылдары құрамына (газды хроматография әдісі) талдау жүргізілді. Органолептикалық сипаттамалар мен көрсеткіштер дегустациялық комиссиямен бағаланды. Алынған тұздық жоғары тағамдық және функционалдық қасиеттерге ие, сақтау кезінде тұрақты және сау тамақтануға ұсынылады. Ол шпинат пен мақсары майының пайдалы компоненттерін біріктіріп, рационға құнды қосымша тағам болып табылады. Дегустациялық сынақтар тұздықтың дәмдік сапасын жоғары бағалауды көрсетіп қана қоймай, бұл оның тұтынушылар үшін тартымдылығын растайды. Дайындалған шпинат тұздығы мақсары майы негізінде функционалдық өнім болып табылады, күнделікті тамақтану рационын жақсартуға және денсаулықты қолдау үшін жақсы ықпал етеді

Нұсқалар