Меню
№ 3 (20) - 2023 / 2023-09-30 / Көрілім саны: 75
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақалада клатратты капсулаланған дәрумендері бар функционалды байытылған ет өнімінің технологиялық сипаттамалары зерттелген. Сауалнама арқылы сатып алушылар арасында ірі қалалық сауда орталықтарындағы ет өнімдерінің сауда ассортименті зерттелді. Қазақстанның бес өңірінде университет студенттерінің ет жеу жиілігін зерттеу нәтижелері қаралды. Тұтынушыларға сиыр еті, жылқы еті мен құс еті үлкен сұранысқа ие екендігі анықталды. Қой еті мен шошқа еті көп сұранысқа ие емес. Олигосахаридпен қапталған витаминдік қоспалары бар функционалды байытылған ет өнімін әзірлеу бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылған. Ет өнімдерінің үлгілері органолептикалық көрсеткіштерге және өнімнің осы түріне арналған нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетіні анықталды.