Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

№ 1 (26) - 2025 / 2025-03-31 / Көрілім саны: 20

БИДАЙДЫҢ ОТАНДЫҚ СҰРЫПТАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП СЫРА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ

Авторлар

Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0002-9544-0820
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0009-0002-2286-1680
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0003-4860-9918
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0003-3639-1341

Кілтті сөздер

сыра өндіру, бидай уыты, ақшыл уыт, ақуыз, технология, рецептура

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.26-951

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Э.Б. , А. ., . Б. . Д.Н., Б. . Г.И., і К. . А.К. «БИДАЙДЫҢ ОТАНДЫҚ СҰРЫПТАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП СЫРА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 26, Березень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.1.26-951.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта Қазақстанның сыра қайнату саласы тамақ өнеркәсібін дамытудың бәсекеге қабілетті бағыттарының бірі болып табылады. Ассортиментті кеңейту, инновациялық технологияларды қолдану сыраның жаңа түрлерін алуға мүмкіндік береді. Арпа уытының бір бөлігін басқа шикізат түрлерімен алмастыру, отандық селекциядағы сыра өндіруге жарамды арпа сұрыптарының жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, бидай уытын өндіру және оны Қазақстандық сыра өнеркәсібінде қолдану мәселелерін зерттеу өзекті бағыт болып табылады. Бұл зерттеуде Қазақстанның төмен протеинді бидай сұрыптары – «Ертіс-7» (№1 сыра), «Тәуелсіздік-20» (№2 сыра) және «Матай» (№3 сыра) – негізінде алынған үш түрлі бидай уытын қолданып жасалған сыра рецептурасының өзгерістерінің сыра сипаттамаларына әсері зерттелді. Сыра рецептуралары бидай сұрыптарының физика-химиялық құрамының ерекшеліктері ескеріле отырып құрастырылды. Отандық бидай сұрыптары негізінде бидай сырасын өндірудің технологиялық сұлбасы әзірленді және олардың физика-химиялық сипаттамалары зерттелді.

Нұсқалар