Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

№ 1 (26) - 2025 / 2025-03-31 / Көрілім саны: 37

АСҚАБАҚ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІНЕН ТҰТАС ДӘНДІ БИДАЙ ҰНЫНАН ЖАСАЛҒАН ҚЫТЫРЛАҚ НАН. Бөлім 1. ВИТАМИНДІК ҚҰРАМЫ МЕН МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Авторлар

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0009-0004-2374-064X
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0000-0003-4443-265X
Сулеймен Демирел Универсиетті
https://orcid.org/0000-0002-6791-817X
Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0003-2350-1871
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0009-0004-2374-064X

Кілтті сөздер

асқабақ дәні, асқабақ қабығы, тұтас дәнді бидай ұны, қытырлақ нан, дәрумендер, микробиологиялық көрсеткіштер

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.26-833

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Д.Қ. , А., И. А.Ж., H. . G., Е. . . Г.Е., і Н. Ж. «АСҚАБАҚ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІНЕН ТҰТАС ДӘНДІ БИДАЙ ҰНЫНАН ЖАСАЛҒАН ҚЫТЫРЛАҚ НАН. Бөлім 1. ВИТАМИНДІК ҚҰРАМЫ МЕН МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 26, Березень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.1.26-833.

Аңдатпа

Бұл мақалада асқабақ дәні мен қабығы қосылған тұтас дәнді бидай ұнынан жасалған қытырлақ нанның витаминдік құрамы, денсаулыққа пайдасы және микробиологиялық қасиеттері зерттеледі. Асқабақтың құрамындағы маңызды қоректік заттар, оның ішінде дәрумендер мен минералдар, иммундық жүйені нығайтуға және ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға әсер етеді. Тұтас дәнді бидай ұнының жоғары талшықты құрамы қытырлақ нан (хлебцыдің) қоректік құндылығын арттырады, сонымен қатар микробиологиялық зерттеулер нәтижесінде өнімнің тағамдық қауіпсіздігі мен тұрақтылығы бағаланады.

Зерттеу барысында қытырлақ нанның химиялық құрамы талданып, оның витаминдік құрамы анықталды. Сонымен қатар, дайын өнімнің микробиологиялық қауіпсіздігі бағаланып, патогенді микроорганизмдердің болуына талдау жасалды. Нәтижелер асқабақ дәні мен қабығы қосылған қытырлақ нан құрамында β-каротин мен витаминдердің мөлшері жоғары деңгейлері бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, өнімдернің микробиологиялық көрсеткіштері санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келетіндігі анықталды.

Мақалада мақсаты асқабақ қабығы мен дәнімен байытылған бүтін бидай ұнынан жасалған қытырлақ нанның құрамындағы витаминдердің құрамы және микробиологиялық зерттеу нәтижелерін ұсыну және талқылау. Адам денсаулығына пайдасын түсіндіру, оның құрамындағы витаминдердің артықшылықтарын атап өту арқылы оқырмандарды салауатты және қолжетімді тамақтануға ынталандыру.

Осылайша, асқабақ қабығы мен дәні қосылған тұтас дәнді бидай ұнынан жасалған қытырлақ нан функционалды тағамдық өнім ретінде қарастырылады және тұтынушыларға денсаулыққа пайдалы балама ретінде ұсынылуы мүмкін.

Нұсқалар