Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

№ 1 (26) - 2025 / 2025-03-31 / Көрілім саны: 25

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҚЫСТЫҚ ЖӘНЕ ЖАЗДЫҚ БИДАЙ СҰРЫПТАРЫНЫҢ РЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ НАН ПІСІРУ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

Алматы тeхнологиялық унивepcитeтi
https://orcid.org/0000-0002-8564-2912
Алматы тeхнологиялық унивepcитeтi
https://orcid.org/0009-0004-8940-151X
Алматы тeхнологиялық унивepcитeтi
https://orcid.org/0000-0002-7385-482X
Алматы тeхнологиялық унивepcитeтi
https://orcid.org/0000-0001-8984-0011
Алматы тeхнологиялық унивepcитeтi
https://orcid.org/0000-0001-9645-3634

Кілтті сөздер

қамыр, біртұтас тартылған жұмсақ бидай ұны, нан өнімдерінің сапалық көрсеткіштері, ұн сапасы

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.26-821

Қалай дәйексөз келтіруге болады

М.А., Я., Р. М.Н., . И. . . . . . . . . . . А.И., К. . Т.К., і Т. Ш.А. «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҚЫСТЫҚ ЖӘНЕ ЖАЗДЫҚ БИДАЙ СҰРЫПТАРЫНЫҢ РЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ НАН ПІСІРУ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 26, Березень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.1.26-821.

Аңдатпа

Мақалада отандық  әртүрлі  жаздық және күздік бидай сұрыптарының реологиялық және нандық сапа көрсеткіштері бойынша зерттеу деректері келтірілген. Зерттеу нысаны  отандық  жаздық бидай сұрыптары: Алмекен элита, Казахстанская раннеспелая, Казахстанская 10, Егемен, Мереке. Күздік бидай сұрыптары: Стекловидная  24,Сапалы, Богарная 56, Степная 75, Алмакен  болды. Бұл жұмыстың мақсаты альвеограф пен Mixolabты қолдана отырып, отандық  жаздық және күздік бидай сұрыптары  дәнінен жасалған ұнның реологиялық қасиеттерін зерттеу болды. Зерттеу жүргізу үшін бидай үлгілері келесідей нөмірленді: № 1 – Жұмсақ жаздық бидай «Казахстанская 10», № 2 – Жұмсақ жаздық бидай  «Алмекен элита», № 3 – Жұмсақ жаздық бидай «Казахстанская раннеспелая», № 4 – Жұмсақ жаздық бидай « Егемен», № 5 – Жұмсақ жаздық бидай «Мереке», № 6 – Күздік бидай  «Сапалы», № 7 – Күздік бидай  «Стекловидная 24», № 8 – Күздік бидай «Богарная 56», № 9 – Күздік бидай «Степная 75», № 10 – Күздік бидай «Алмакен». Отандық жаздық және күздік жұмсақ бидай сұрыптары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі шешімімен өндірісте қолдануға рұқсат берілген. Егіс даласында бұл сұрыптар егіліп өнім алынып жатыр. Сапалы нандық сұрыптарын алу үшін олардың қамырының реологиялық қасиеттерін тереңірек заманауи Mixolab және  Альвеограф аспабында зерттеліп, қамырларынан стандартты нандарын жасап, реологиялық және нандық қасиеттерінің көрсеткіштерінің арасындағы байланыстары анықталды. Осы анықталған байланыстардың негізінде жұмсақ бидай сұрыптарын аудан, аумақ көлемінде ұтымды ұндық партияларын қалыптастырып, үлкен көлемде сапалы ұн сұрыптарын алудың технологиялық ұсыныстары қабылданады. Осыған сәйкес қамырдың  серпімділігі, қамырдың созылуы, серпімділіктің созылғыштыққа қатынасы, қамырдың деформациясының  жұмысы, ісіну индексі, жұмсақ ортасының ылғалдылығы, жұмсақ ортасының қышқылдылығы, кеуектілігі, сыртқы түрі, беті, жұмсақ ортасының жағдайы, жұмсақ ортасының түсі көрсеткіштері анықталды. Сынақтың ең үлкен созылуы жұмсақ жаздық бидай «Казахстанская 10»,  күздік бидай «Сапалы»,  күздік бидай «Степная 75», сұрыпында анықталды және 85 құрады. Алынған нәтижелерді талдау көрсеткендей, жұмсақ жаздық бидай «Казахстанская 10» - қамыр деформациясының нақты энергиясы бойынша 219 болды. Қамырдың стандартты реологиялық қасиетімен салыстырсақ (280) күшті ұн болып саналады.

Нұсқалар