Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 216

ТІК ҰҢҒЫМАДА СЫҒЫЛМАЙТЫН СҰЙЫҚТЫҚТЫ СҮЗУ

Авторлар

С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
https://orcid.org/0000-0002-4776-2251
С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
https://orcid.org/0000-0002-6628-024X
С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
https://orcid.org/0009-0002-0137-228X
С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
https://orcid.org/0000-0003-3459-0515
С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
https://orcid.org/0000-0003-2783-469X
С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
https://orcid.org/0009-0002-4850-4294
С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
https://orcid.org/0000-0003-2236-0333

Кілтті сөздер

гидротехникалық сипаттама, сұйықтың сүзілуі, құм көрінісі, қабаттың мұнай бергіштігі, қйыршық тасты сүзгі, плунжерлі сорап

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.27-817

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Бисенгалиев, М., et al. «ТІК ҰҢҒЫМАДА СЫҒЫЛМАЙТЫН СҰЙЫҚТЫҚТЫ СҮЗУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 27, Червень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.2.27-817.

Аңдатпа

Зерттеулер қортындысы ұңғыманың түп маңы аймағында және ұңғыма оқпанындағы сүзілуді ескермеген кездегі пайдаланудың күрделендірілген жұмыс жағдайымен сипатталатын режимдердегі үрдістерді зерттеуге мүмкіндік берді. Алайда, мұнай өндіруге арналған мұндай ұңғымаларды пайдалану қабаттан ығыстырылып шығарылатын су-мұнай қоспасының сүзілуімен үздіксіз байланысты. Сондықтан мұндай күрделі жағдайларда сүзілу жағдайындағы ұңғыманың түп маңы аймағының жұмыс режимін зерттеу қажет, яғни табиғи сүзілу кезіндегі  және арнайы сүзгілерді  қолдану кезіндегі сүзілу үрдісін зерттеу керек. Осыған байланысты, штангалы ұңғымалық сорап қондырғысының (ШҰСҚ) мұнай өндіру үрдісінің пайдалану көрсеткіштерін нақтылау үшін сүзгілеу құрылғыларын қолдануды ескере отырып, қабаттан мұнайдың ығыстырылу үрдісінің гидродинамикасын зерттейміз [1].   

Мұнай кәсіпшілігінің тәжірибесінде ұңғымалық сүзгі құрылғылары қолданылады, олардың ішінде қиыршық тасты ұңғыма сүзгісі кәсіпшілік жөндеу жағдайларына мүмкіндік беретін қарапайым және арзан конструкция түрінде болады [2]. Оны құрау үшін өнімді қабатта ұңғыманың оқпанының бір бөлігін ірі бөлшекті материалмен (мысалы қиыршық тас) көмеді және көмілген материалды мұнай ағызып кетпеу үшін оқпанның жоғары бөлігіне қабат шетіне тор тәріздес пакер орнатады.

Бұл мақаланың мақсаты қиыршық тасты мұнай өндіруші ұңғымалардың гидротехникалық сипаттамаларын есептеуге арналған теңдеуді шығару және оларды есептеу. Осы негізде штангалы ұңғымалық сорап қондырғысының ШҰСҚ  плунжерінің батуының ұңғыманың түп маңы аймағына әсер етуін ескерген және ескермеген кездегі сүзілу үрдісінің жұмыстық көрсеткіштерін негізделген [3,4].  

Құм көрінісімен күрестің осындай әдісін таңдау перфорациялық конструкциялы сүзгіштерге қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие болуымен байланысты түсіндіріледі.