Меню
№ 1 (26) - 2025 / 2025-03-31 / Көрілім саны: 46
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Ғылыми зерттеудің мақсаты - функционалды өсімдік негізіндегі сусындардың оңтайлы органолептикалық сипаттамаларын анықтау. Сүт-жаңғақ, сүт-дәнді-дақыл және сүт-дәнді-бұршақ жүйелер негізінде өсімдік сусындарын өндіруге арналған компоненттерді таңдау жаңғақтарда, дәнді-дақылдарда және бұршақ тұқымдастарында ақуыз, липидтер және тағамдық талшықтардың құрамына байланысты жүргізілді. Зерттеу барысында рецептуралар әзірленіп, сыналып, әртүрлі өсімдік сусындарының үлгілері дайындалып, дәмдік бағалаудан өтті. Зерттелген композициялар МемСТ талаптарына толық сәйкес келетін жоғары органолептикалық көрсеткіштерге ие болды. Функционалды сусын үлгілерін органолептикалық әдіспен зерттеді. Сусындардың дәмдік сипаттамаларын бағалау үшін жетілдірілген бес балдық органолептикалық бағалау шкаласы қолданылды. Органолептикалық бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізілді: сыртқы түрі, түсі, хош иісі, дәмі және консистенциясы. Жергілікті өсімдік шикізатын, сондай-ақ өсімдік негізіндегі сусындарды өндіруде тұрақтандырғыштар мен табиғи тәттілендіргіштерді, әсіресе гуар камеді, ксантан камеді және ваниль сығындысы қолдану жоғары органолептикалық қасиеттері бар жаңа өсімдік сусындарының ассортиментін жасауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде №1 үлгінің - жаңғақ жемісі, су және гуар камедінің (1:1:1 қатынасында) қоспасы - ең жоғары профилограмма көлеміне ие екені анықталды.