Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

№ 1 (26) - 2025 / 2025-03-31 / Көрілім саны: 29

ФУНКЦИОНАЛДЫ СҮТҚЫШҚЫЛДЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДЕ ӨСІМДІК ҚОСПАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ

Авторлар

Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0003-2350-1871
Алматы технологиялық университеті
https://orcid.org/0000-0003-4257-3774
Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0001-7716-9240
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті
https://orcid.org/0000-0003-0027-8910
Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0003-3765-2531

Кілтті сөздер

тамақ, тамақ өнімдері, функционалды сүт өнімдері, сүт, сүтқышқылды, тұздық, ашытқы, микроорганизмдер, өсімдік қоспасы

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.26-711

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Г.Е. , Е., Д. Ф.Т., Б. Ж.Т., Ш. А.А, і Н. Ж. «ФУНКЦИОНАЛДЫ СҮТҚЫШҚЫЛДЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДЕ ӨСІМДІК ҚОСПАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 26, Березень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.1.26-711.

Аңдатпа

Зерттеудің негізгі мақсаты – функционалды сүтқышқылды өнімдерін өндіру үшін өсімдік қоспалары қосылған сүтқышқылды тұздығының сапасын зерттеу және технологиясын әзірлеу.

Соңғы уақытта функционалды сүт өнімдерін өндіруде өсімдік қоспаларына деген қызығушылық артты, бұл сүт өнімдерінің тағамдық және биологиялық белсенді қасиеттерін жақсарту үшін табиғи өсімдік компоненттерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл қоспалардың сүт өнімдерінің пайдалы сипаттамаларына, мысалы, антиоксиданттар, дәрумендер, минералдар құрамына әсерін, сондай-ақ ішек микробиотасын жақсарту, иммундық жүйені нығайту және басқа да функционалды қасиеттерін талдауды қамтиды.

Осы тақырыптың ғылыми жаңалығы келесі аспектілерде көрінуі мүмкін:

- жаңа өсімдік қоспаларын зерттеу: сүт өнеркәсібінде бұрын қолданылмаған өсімдік қоспаларын талдау немесе сүт өнімдерінің функционалдығы тұрғысынан олардың жаңа пайдалы қасиеттерін анықтау;

- қоспалардың өнімдердің функционалды қасиеттеріне әсері: олардын аурулардың алдын алу, қоректік заттардың биожетімділігін арттыру, сіңімділігін және игерілуін жақсарту сияқты тұтынушылар денсаулығын жақсартудағы рөлін анықтау;

 - өндірістің жаңа технологияларын әзірлеу: сүт өнімдерінің пайдалы қасиеттерін сақтап қана қоймай, оларды күшейтетін, сондай-ақ олардың органолептикалық сипаттамаларын жақсартатын өсімдік қоспаларын экстракциялау және қосу бойынша инновациялық әдістерді енгізу.

 

Нұсқалар