Меню
№ 1 (26) - 2025 / 2025-03-31 / Көрілім саны: 25
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Тотыққан қорғасын пен мырыш ресурстары ұзақ уақыт бойы жеткіліксіз пайдаланылды. Қорғасын-мырыш сульфидті кендерінің тез сарқылуына байланысты қорғасын-мырыш тотыққан кендерін пайдалану тиімділігін арттырудың шұғыл қажеттілігі туындайды. Қорғасын-мырыш тотыққан кендерін алдынала байытудың әмбебап әдісі – флотация болып табылады. Қорғасын-мырыш тотыққан минералдарының қатты гидротациясына және металл иондарының бетінде жеңіл еруіне байланысты қорғасын-мырыш тотыққан кендерінің флотациялық байытылуы бүгінгі күнге дейін маңызды мәселе болып қала береді. Осылайша, флотация алдында тотыққан қорғасын-мырыш минералдарының сульфидтенуі олардың беткі қасиеттерін өзгерту үшін өте маңызды. Бұл жұмыста күкіртті натрий сульфидизаторының Қосқұдық кен орнының тотыққан кен сынамасындағы қорғасын минералдарын байыту тиімділігіне әсері қарастырылып, оңтайлы нәтижесі анықталды. Күкіртті натрий негізгі қорғасын флотациясындағы алтын, күміс және мырыш байтылуының әсері зерттелді.