Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

№ 3 (24) - 2024 / 2024-09-30 / Көрілім саны: 45

БИЕ СҮТІН МҰЗДАТЫП КЕПТІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ОҢТАМАЛАНДЫРУ: ҚҰРАМЫН, ӘДІСТЕРІН ЖӘНЕ ӨНІМ ШЫҒЫМЫН ТАЛДАУ

Авторлар

  • А.Б. Рахматуллина
  • Ф.Т. Диханбаева
  • Д.А. Тлевлесова
  • М.Қ. Ізтілеуов
  • Б.Қ. Қалемшарив

Кілтті сөздер

бие сүті, мұздатып кептіру, технологияны оңтайландыру, қоректік заттар, физика-химиялық талдау

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.3.24-570

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Рахматуллина, А. ., Ф. Диханбаева, Д. . Тлевлесова, М. . Ізтілеуов, і Б. . . Қалемшарив. «БИЕ СҮТІН МҰЗДАТЫП КЕПТІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ОҢТАМАЛАНДЫРУ: ҚҰРАМЫН, ӘДІСТЕРІН ЖӘНЕ ӨНІМ ШЫҒЫМЫН ТАЛДАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 3, вип. 24, Вересень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.3.24-570.

Аңдатпа

Мақалада мұздатып кептіру әдісімен бие сүтінен құрғақ сүт өнімдерін өндіру технологиясын жасау және оңтайландыру бойынша зерттеу берілген. Зерттеудің негізгі мақсаты сүттің тағамдық және биологиялық белсенді компоненттерін барынша сақтау үшін мұздату әдісімен кептірудің оңтайлы шарттарын анықтау болды. Тәжірибе барысында бие сүтінің құрамындағы ақуыз, май, лактоза және минералды тұздарды қамтитын физика-химиялық қасиеттеріне егжей-тегжейлі талдау жасалды. Құрғақ сүттің шығымы мен сапасына әсерін анықтау үшін мұздатып кептірудің әртүрлі температуралық жағдайлары зерттелді.

Нәтижелер кептірудің оңтайлы температурасы 35°C шамасында екенін көрсетті, бұл қоректік заттардың аз шығынымен сүт ұнтағының максималды шығымына қол жеткізеді. Құрақ сүттің шығымы 600 грамм сұйық сүттен 67,14 грамм болды. Алынған мәліметтер таңдалған әдістің тиімділігін растайтын бар әдебиет деректерімен салыстырылды.

Сондай-ақ мақалада мұздатып кептірудің технологиялық параметрлері және олардың соңғы өнім сапасына әсері қарастырылған. Алынған нәтижелер бойынша бие сүтін кептіру процесін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленді. Әрі қарайғы зерттеулер технологиялық процестерді жетілдіруге және дайын өнімнің шығымдылығын арттыруға бағытталатын болады.