Меню
№ 4 (25) - 2024 / 2024-12-31 - 2024-12-31 жаңартылды / Көрілім саны: 8
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Кәсіпкерлік кез келген елдің экономикалық дамуының маңызды аспектісі болып табылады, әсіресе жұмыссыздық пен кедейлік сияқты күрделі мәселелер әлі де сақталып отырған дамушы мемлекеттер үшін [1]. Жоғары жұмыссыздық деңгейі, білім деңгейінің төмендігі және сыбайлас жемқорлықтың кең таралуы жағдайында жастардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін қалыптастыру өте маңызды [1]. Оларға креативтілік, тәуекелдерді басқару және проблемаларды шешу дағдылары сияқты негізгі құзыреттерді бере отырып, кәсіпкерлік ойлау барлық мамандықтағы білім алушылардың еңбек нарығындағы құндылығын айтарлықтай арттырады [2]. [Кәсіпкерлік ойлауды дамыту бағдарламаларының танымалдығы артып келе жатқанына қарамастан, олардың жастардың жұмыспен қамтылуы мен мансабына ұзақ мерзімді әсерін зерттеу шектеулі болып қалуда [3]. Бұл мақала осы олқылықтың орнын толтырып, Қазақстан Республикасындағы жастардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін қалыптастыруға әсер ететін факторлар мен қазіргі жағдайды талдауды мақсат етеді.
Ғылыми мақалада кәсіпкерлік тұжырымдамасы бойынша қазіргі әдебиеттердің жағдайы қорытындыланып, зерттеушілерге оның шығу тегі, тамыры мен эволюциясын жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Автор жастарды балалық шақтан бастап кәсіпкер болуға шақырады. Өз күш-жігерінің нәтижесінде олар кәсіпкерлік тәжірибені, дағдылар мен қабілеттерді, сондай-ақ кәсіпкерлік қиындықтарды шешу қабілетін дамытады. Мақалада жастардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту алғышарттары талданады. Зерттеу әдістері: Мақалада зерттеудің гипотезасы анықталғаннан бастап қолданылған сауалнама және оған құрастырылған сұрақтар, оларды талдау барысында статистикалық есетпеу тәсілдері авторлармен жүйелі қолданылды.
Кәсіпкерлік ойлаудың негізгі аспектілері бөлініп көрсетіледі. Кәсіпкердің сыртқы және ішкі ортасының факторлары зерттеліп, олардың ойлау тәсіліне және кәсіпкердің іс-әрекет ету тәсіліне әсері негізделеді. Кәсіпкерлік ойлаудың дамуына қарай кәсіпкерліктің эволюциясының негіздемелері мен бағыттары қалыптастырылады.
Кәсіпкерлікті жастар арасында насихаттаудағы осал тұстар анықталады.