Экономика, бизнес және қызмет көрсету

№ 3 (24) - 2024 / 2024-09-30 / Көрілім саны: 54

ЭКОТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА

Авторлар

  • Ж.Т. Қоңырбаева
  • С.Н. Сүйеубаева
  • A.M. Закимова
  • Л.А. Мезенцева
  • А.Ж. Төрегелдинова
  • Б.Б. Амралинова

Кілтті сөздер

тұрақты туризм, экотуризм, дестинация, табиғи ресурстар, мәдени мұра, туристік инфрақұрылым

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.3.24-542

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Қоңырбаева, Ж., С. Сүйеубаева, Закимова A. ., Л. Мезенцева, А. Төрегелдинова, і Б. Амралинова. «ЭКОТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 3, вип. 24, Вересень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.3.24-542.

Аңдатпа

Зерттеу Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) табиғи аумақтарында экологиялық туризмнің дамуын талдауға бағытталған, бұл Қазақстан Республикасының ұлттық тұрақты экономикалық даму тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін жүйелік тәсілді қолдануды көздейді. Зерттеудің мақсаты – осы аймақта экологиялық туризмнің дамуына кешенді талдау жасау және стратегия әзірлеу. Зерттеу табиғи аумақтар мен туристік инфрақұрылым факторларының өзара байланысы мен әсеріне негізделген. Мақсатқа жету үшін әртүрлі зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми материалдарды әртүрлі платформалардан іздеу жүргізіліп, зерттеу тақырыбы бойынша әдеби шолу жасалды. Материалдарды іздеу үш ай бойы жүргізілді: 2024 жылдың қаңтарынан мамырына дейін. Тұрақты туризмнің дамуына арналған материалдарда отандық және шетелдік тәжірибе зерттелді. Сонымен қатар, зерттеу барысында Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық туризмнің дамуына салыстырмалы талдау және SWOT-талдау жүргізілді, сондай-ақ, туристік саланың әртүрлі көрсеткіш-факторларының өңірдің ЖІӨ-не әсер етуіне корреляциялық-регрессиялық талдау жасалды. Зерттеу нәтижелері экотуризмді дамыту барысында табиғи-мәдени ұлттық мұраны және биологиялық әртүрлілікті сақтауға негізделген, бұл ресурстарды тұрақты пайдаланудың маңыздылығын, экологиялық стандарттарды сақтау және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын баса көрсетеді. Сондай-ақ, экологиялық туризмді дамытуға жергілікті туроператорлар мен халықтың қатысуы мәдени мұраны сақтауда және Шығыс Қазақстан облысында экологиялық туризмді тұрақты дамытуда маңызды рөл атқаратыны атап өтіледі.