Меню
№ 3 (24) - 2024 / 2024-09-30 / Көрілім саны: 47
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл мақалада мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысының мақсаттық өнімі болып табылатын тұрақты бензин өндіру процесін оның математикалық негіздері негізінде айқынсыздық жағдайында оңтайландыру мәселелері зерттеліп, оларды тиімді шешу әдістемелері ұсынылған. Қазіргі уақытта мұнай өңдеу өндірісінде мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысында өтетін негізгі процесстердің оңтайланландыру есебін шешу алынған мұнай өнімдерін ары қарай терең өңдеу процесстері тиімділігін қамтамасыз ететіндіктен аса өзекті ғылыми, өндірістік мәселенің біріне жатады. Осыған байланысты бұл зерттеуде Атырау мұнай өңдеу зауытының мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысының мақсатты өнімі - тұрақты бензин өндіру процесін ондағы айқынсыздық жағдайында оңтайландыру есебі математикалық тұжырымдалып, оны айқын емес ортада тиімді шешу үшін эвристикалдық тәсілдеме ұсынылған.
Орындалған зерттеулер нәтижесінде мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысының тұрақтандыру колоннасы сияқты кей параметрлері айқынсыздықпен сипатталатын күрделі нысандардың математикалық модельдерін құрып, олардың негізінде нысанның айқынсыздықта жұмыс режимін тиімді оңтайландыратын эвристикалық тәсілдеме әзірленген. Тұрақтандыру колоннасынан алынатын тұрақты бензин мен газ көлемдерін колоннаның кіріс, режимдік параметрлерне байланыста анықтайтын модельдер регрессорларды тізбектей қосу тәсілдемесі мен ең кіші квадраттар тәсілін жүйелі қолдану арқылы, экспертменталдық-статитстикалық деректер негізінде идентификацияланған. Ал тұрақты бензинің айқынсыздықпен сипатталатын сапа көрсеткіштерін бағалайтын айқын емес модельдер эксперттік бағалау, айқын емес жиындар тәсілдері арқылы модификацияланған регрессорларды тізбектей қосу мен ең кіші квадраттар тәсілдері негізінде құрылған. Алынған тұрақтандыру колоннасы модельдері негізінде тұрақты бензин өндіру процесін айқынсыздықта тиімді оңтайландыру үшін әзірленген эвристикалық алгоритм Парето оптималдық пен идеалды нүкте оптималдық принциптері мен олардың комбанациясын айқынсыздыққа модификациялауға негізделген.