Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

№ 3 (24) - 2024 / 2024-09-30 / Көрілім саны: 30

ШҰБАРКӨЛ КӨМІРІНЕН КӨМІРТЕК НАНОМАТЕРИАЛДАРЫН АЛУ ЖӘНЕ СУТЕКТІ САҚТАУҒА ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • М.Қ. Қазанқапова
  • Б.Т. Ермағамбет
  • Ғ.К. Мендалиев
  • Ә. Саматқызы
  • А.Б. Малғаждарова

Кілтті сөздер

көмір, көміртекті көмір, көміртекті нанотүтіктер, графен, доғалық разряд, сутегі, сақтау

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.3.24-494

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Қазанқапова M., Ермағамбет B., Мендалиев G., Саматқызы A., і Малғаждарова A. «ШҰБАРКӨЛ КӨМІРІНЕН КӨМІРТЕК НАНОМАТЕРИАЛДАРЫН АЛУ ЖӘНЕ СУТЕКТІ САҚТАУҒА ҚОЛДАНУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 3, вип. 24, Вересень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.3.24-494.

Аңдатпа

Бұл зерттеуде графен синтезінің перспективті әдісі - электр доғалық разряд әдісі ұсынылды. Құрамында графен бар наноматериалдардың синтезі кварц реакторында 75 В тұрақты кернеуде және 100 А ток кезінде электр доғалық разряд әдісін қолдану арқылы  «Шұбаркөл» көмірі негізінде жүзеге асырылды. Раман шашырау деректері және электрлік қасиеттерді талдау (диэлектрлік өтімділік және электр кедергісі) негізінде синтезделген өнімдерде графиттенудің жоғары дәрежесі және алысдиапазондағы құрылымдық реті (2D шыңы) бар, бұл құрамында графен бар наноматериалдардың түзілуін көрсетеді. Бұл нәтижелер жоғары сапалы графен үлгілерін арзан жаппай өндірудің әлеуетті бағытын көрсетеді. Сонымен қатар, құрамында графен бар наноматериалдардың электрлік кедергісі (R), сыйымдылығы (C) және диэлектрлік өтімділігі (ε), электрлік кедергісі (R) және электр өткізгіштігі (χ) 293-483 К температура диапазонында алғаш рет анықталды. Графиттенудің ең жоғары дәрежесі 80,7% доғалық разрядтан кейін реактордың қабырғаларында графен бар материалдың пайда болуымен қол жеткізіледі. Реактор қабырғаларында алынған наноматериал физика-химиялық және электрофизикалық қасиеттері бойынша жақсы нәтиже көрсеткендіктен, материал сутегі сақтау үшін сынақтан өтті. Наноматериалдың сутегі үшін сорбциялық қабілеті 35,1516 см3/г (0,314%) құрады.