Экономика, бизнес және қызмет көрсету

№ 1 (14) - 2022 / 2022-03-28 / Көрілім саны: 83

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫ БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Калдыбаева Д.О.
  • Исаева Б.К.

Кілтті сөздер

цифрлендіру, ауыл шаруашылық, аграрлық сектор, ақпараттық технологи-ялар, тиімділік.

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.14-18

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Д.О., К. ., і И. Б.К. «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫ БАҒАЛАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 14, Березень 2022, doi:10.58805/kazutb.v.1.14-18.

Аңдатпа

Берілген мақала Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығында шару-ашылық жүргізудің ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық әдістерді қолдану ерек-шеліктерін зерттеуге бағытталған. Бұл әдістер экономиканың берілген секторының қызмет тиімділігін көтеруді қамтамасыз ететін өте маңызды факторлардың біріне жатады. Жұмы-ста, азық-түлік облысында әлемдік мәселелердің шиеленісу жағдайларында цифрлендіру процестерінің маңыздылығына баға берілген болатын. Қарастырылатын аймақтың ауыл шаруашылығының дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізілді, оның нәтижесінде берілген саладағы жағымды үрдістердің өтіп жатқаны анықталған болатын.

Аграрлық сектордың жалпы дамуын талдаудан кейін осы ауыл шаруашылығы секторын-дағы кәсіпорындарда цифрлық және ақпараттық факторларды пайдалану динамика-сына баға жасалынды. Берілген факторларды пайдаланудың бағыттары анықталып, олардың өзгеруіне әсер еткен себептер айқындалды. Бағалау негізінде анықталған үрдістер нақтыланып, цифр-лық факторларды және ақпараттық технологияларды пайдаланудың төмен деңгейінің болу себептері мен кедергілеріне зерттеу жүргізілді. Берілген кедергілер бір жүйеге келтіріліп, жеке топтарға жинақталды, оның әрқайсысына талдау жүргізіліп, олардың әсер етуінен шығатын нәтижелерге сипаттама жасалынды. Бағалаудан кейін қорытындылар жасалынып, анықталған кедергілердің ықпалын азайтуға бағытталған негізгі бағыттар ұсынылды және цифрлық технологияларды пайдалануды қарқындататын нақты шаралар құрастырылды.