Меню
№ 3 (20) - 2023 / 2023-09-30 / Көрілім саны: 90
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақалада цирконий диоксиді промоторын қолдана отырып, алюминий оксиді негізіндегі кобальт катализаторлары үш есе сіңдіру әдісімен алынды. Зерттеулер Фишер-Тропш синтезінің зертханалық қондырғысында жүргізілді, нәтижесінде ФТ-синтез температурасының, ZrO2 промотор қоспаларының (мас 3%) әсері катализаторға және кобальт қоспаларына 10-нан 30% - ға дейін (масс.) көміртегі оксидін конверсиялауға арналған бірлескен катализаторға, С5+ сұйық өнімдерінің шығымы, С4 және С2-С5 көмірсутектерінің түзілу селективтілігіне әсері зерттелді. Көмірсутек өнімдерінің ең көп мөлшері пайда болатын оңтайлы температура анықталды. Синтетикалық көмірсутектердің түзілуіне қатысты олардың белсенділігі мен селективтілігіне дайындалған Со катализаторларының салыстырмалы сипаттамасы жүргізілді. Со - катализаторды цирконий оксидімен (3 % масс.) белсендіру көмірсутектер түзілуінің шығымдылығы С5+ мен С1-С5 селективтілігінің айтарлықтай артуына әкелетіні анықталды. Дайындалған Со катализаторларды салыстыру кезінде кобальт мөлшері 20 % (масс.) болатын катализатор көмірсутектердің ең көп мөлшерін алу үшін ең белсенді екендігі анықталды.