Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 136

ЭММ НЕГІЗІНДЕ ЖЕЗҚАЗҒАН КЕН ОРНЫНЫҢ ОПЫРЫЛУ АЙМАҚТАРЫН ИГЕРУ КЕЗІНДЕГІ ПАЙДАНЫ БОЛЖАУ

Авторлар

Д.А. Қонаев ат. тау-кен ісі институты
https://orcid.org/0000-0001-6276-3474
Ұлттық ғылым және технология университеті MISIS
https://orcid.org/0000-0002-1237-0979
Союзгеомех ЖШС
https://orcid.org/0000-0001-8069-0037
Д.А. Қонаев ат. тау-кен ісі институты
https://orcid.org/0000-0001-8283-898X
Қ. Сәтбаев ат. Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0003-0845-8449

Кілтті сөздер

экономикалық-математикалық модель, тиілмеген кен оырндары, математикалық модельдеу, өңдеу жүйесі, пайда, тасымалдау штрегі

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.30-1515

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Бекбергенов, Д.К., et al. «ЭММ НЕГІЗІНДЕ ЖЕЗҚАЗҒАН КЕН ОРНЫНЫҢ ОПЫРЫЛУ АЙМАҚТАРЫН ИГЕРУ КЕЗІНДЕГІ ПАЙДАНЫ БОЛЖАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 30, Березень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.1.30-1515.

Аңдатпа

Мақала массивтің белсенді жылжу аймақтарында орналасқан «Анненская» шахтасының тиілмеген кен жатындарын игеруге тартудың стратегиялық міндетін шешуге арналған. Дәстүрлі геотехнологиялар тиімсіз болатын жағдайларда, СВП-22 құрамдастырылған бекітпесімен күшейтілген, кенді опыру және шеткі шығарумен жаппай өңдеу жүйесін қолдану негізделген. Зерттеудің ғылыми жаңалығы регуляризацияланған регрессиялық талдау негізінде экономикалық-математикалық модельді (ЭММ) әзірлеу және қолдану болып табылады. Пайда теңдеуінің стандартталған формасын пайдалану авторларға алғаш рет әртүрлі факторларды (жатынның геометриясын, өндіру көлемін және сапалық көрсеткіштерді) дұрыс салыстыруға мүмкіндік берді. Модель кеннің ысырабы мен кедейленуінің қаржылық нәтижеге әсерінің сызықты емес сипатын анықтады, сондай-ақ тектоникалық ығысудың кен денелерінің жату бұрышының өзгеруіне пайданың сезімталдық модификаторы ретіндегі рөлін айқындады. Зерттеу нәтижесінде критикалық тәуелділіктер анықталды: пайданың экстремумдарын сипаттайтын ойыс қисықтар (жауап беру беттері) жиынтығы алынды. Кеннің құлау бұрышы 30 градустан асқанда рентабельділік аймағы күрт тарылатыны, ал ысыраптың өте төмен деңгейін сақтау пайдалану шығындарының жедел өсуіне байланысты экономикалық тұрғыдан тиімсіз болатыны дәлелденді. Әдісті қолданудың технологиялық шегі  құлау бұрышы 45 градусқа дейін екені белгіленді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы бұзылған массивтің жоғары белгісіздік жағдайында шығынсыздық нүктелерін анықтауға және бұрғылау-жеткізу штректерін (БЖШ) орналастырудың оңтайлы стратегияларын таңдауға мүмкіндік беретін ықшам математикалық құралды жасаудан тұрады.