Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 112

КОАГУЛЯЦИЯЛЫҚ ТИПТЕГІ ЕРКІН ДИСПЕРСТІ ГИДРОГЕЛЬДІ ЖҮЙЕЛЕРІН АЛУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0001-8163-7035
Алтай геологиялық-экологиялық институты
https://orcid.org/0009-0002-5015-5265
С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0001-7812-2540
С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0002-3232-5972
«Бентонит Хакасия» ЖШҚ
https://orcid.org/0009-0001-3003-5760

Кілтті сөздер

бентонит, гидрогель, полисахарид, пептизация, коагуляция, полимер-балшықерітіндісі, гидролиофильді суспензия

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.30-1445

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Рожкова O.В., et al. «КОАГУЛЯЦИЯЛЫҚ ТИПТЕГІ ЕРКІН ДИСПЕРСТІ ГИДРОГЕЛЬДІ ЖҮЙЕЛЕРІН АЛУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 30, Березень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.1.30-1445.

Аңдатпа

Жұмыста мұнай-газ ұңғымаларын салу технологиясында қолданылатын коагуляциялық типтегі ингибирлеуші еркін-дисперсті гидрогельді жуу жүйелерін қалыптастырудың, тұрақтандырудың және басқарылатын пептизациялаудың физика-химиялық негіздері қарастырылған. Балшықты және полимерлі гидрогельдерге салыстырмалы талдау жүргізіліп, бентонитті суспензиялардың коагуляциялық тұрақтылығының төмендігімен, сондай-ақ полимерлі гельдердің термо- және биодеструкцияға ұшырауымен байланысты олардың практикалық қолданылуын шектейтін негізгі кемшіліктер анықталған.

DLVO-теориясының, коллоидтық химияның және коагуляциялық процестер термодинамикасының қағидалары негізінде пептизирленген дисперсті фазасы бар тұрақты бентонитті гидрогельдерді алудың шарттары негізделген. Балшықты суспензияны коллоидтық бөлшектердің оңтайлы концентрациясына дейін алдын ала сұйылту және дисперсті фазаның бетін полимерлік лиофилизациялау баяу коагуляция жылдамдығын едәуір төмендетіп, жүйенің электростатикалық және құрылымдық-механикалық тұрақтылығын арттыратыны көрсетілген.

Полисахаридтер қатарының аниондық және иондық емес полимерлерінің қорғаныш адсорбциялық-сольваттық қабаттардың түзілуіне, коагуляцияның электростатикалық тосқауылының биіктігіне және екіншілік потенциалдық минимумның тереңдігіне әсер ету заңдылықтары анықталған. Қорғаныш қабаттардың қозғалғыштығы мен беріктігінің оңтайлы арақатынасын қамтамасыз ету үшін аниондық (карбоксиметилцеллюлоза) және иондық емес (крахмал, лигносульфонаттар) полимерлерді біріктіріп қолданудың мақсатқа сай екендігі негізделген.

Сілтілік, сілтілік-жер және амфотерлік металдардың коагуляциялаушы тұздарын енгізу глинистi бөлшектер бетінің зарядының төмендеуі мен полимерлі адсорбциялық қабықшалардың ішінара бұзылуы нәтижесінде екіншілік потенциалдық минимум аймағында қайтымды коагуляцияның дамуына әкелетіні көрсетілген. Полимер-балшықты жүйелердің басқарылатын пептизациясының механикалық және иондық жолмен жүзеге асырылу ережелері тұжырымдалып, коагуляцияның қайтымды сипаты сақталатын жағдайлар анықталған.

Алынған нәтижелер гидрогельді жуу жүйелерінің реологиялық, құрылымдық-механикалық және ингибирлеуші қасиеттерін мақсатты түрде реттеуге мүмкіндік береді және күрделі термобарикалық жағдайлар үшін жоғары тиімді азбалшықты және диспергирленбейтін бұрғылау ерітінділерін әзірлеуде қолданылуы мүмкін.