Меню
Том 3 № 28 (2025) / 2025-09-30 / Көрілім саны: 162
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Кең ауқымды және ұзақ мерзімді барланған қорлары бар әлемдегі ең көп тұтынылатын қазба отындарының бірі болып табылатын көмірді пайдалану көбінесе энергия тиімділігінің төмендігі және қоршаған ортаның ластануы сияқты мәселелерге әкеледі [3]. Осындай жағдайда пиролиз әдісі көмірді тиімді және экологиялық таза пайдалануға қол жеткізудің маңызды әдісі болып табылады [1], сонымен қатар көмір маркаларының кең ауқымын термиялық ыдыратуға мүмкіндік беретін әмбебап балама ретінде ұсынылған. Осыған байланысты, осы мақалада 520 °С температурада Фишер ретортында Қазақстанның үш кен орнының (Богатырь, Борлые, Майкубен) көмірін пиролиздеу жүргізілді. Көмірдің физика-химиялық қасиеттері және шайыр, жартылай кокс және жанғыш газ сияқты пиролиз өнімдерінің шығымы анықталды. Шайыр мен газдың ең үлкен шығымы сәйкесінше Борлық және Майкубен кен орындарының көмірінен байқалады. Көмірдің пиролизінен алынған газдың компоненттік құрамы хроматографиялық талдау әдісімен жүргізілді, ал пентанмен деасфальтталғаннан кейін жартылай кокстелген шайырлардың заттық құрамы газ хроматомасса-спектрометрия әдісімен анықталды. Көмір күлінің минералды құрамы мен микроқұрылымдық талдауы сәйкесінше рентгенофлуоресцентті талдау және сканерлеуші электронды микроскопия әдістерімен жүргізілді.