Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 3 № 28 (2025) / 2025-09-30 / Көрілім саны: 188

ПАРАЛЛЕЛЬ ОРНАЛАСҚАН ҰҢҒЫМА БОЙЫМЕН ТОРОИДАЛЬДЫ ГИДРОЖАРҒЫШТЫҢ КҮШІМЕН БІРТЕКТІ ТАСТАН ПЛИТАЛАРДЫ АЖЫРАТУДЫ ЗЕРТЕУ

Авторлар

КазНУ им. аль-Фараби
https://orcid.org/0000-0003-4488-5659
Satbayev University
https://orcid.org/0000-0003-0845-8449
Satbayev University
https://orcid.org/0000-0001-9674-8598

Кілтті сөздер

құрылыс, ғимарат, кенорын, деформация, жарықшақ, гранит, игеру, тау жынысы, карьер

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.3.28-992

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Сарыбаев, М., et al. «ПАРАЛЛЕЛЬ ОРНАЛАСҚАН ҰҢҒЫМА БОЙЫМЕН ТОРОИДАЛЬДЫ ГИДРОЖАРҒЫШТЫҢ КҮШІМЕН БІРТЕКТІ ТАСТАН ПЛИТАЛАРДЫ АЖЫРАТУДЫ ЗЕРТЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 3, вип. 28, Вересень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.3.28-992.

Аңдатпа

Мақалада заманауи құрылысқа қажетті ғимараттардың сыртын қаптауға немесе баспалдақтарға пайдаланылатын беріктігі жоғары тау жыныстарын игеру процестері зерттелген. Материалдардың механикалық қасиеттерінен қысылу, созылу, иілу, кесу және т .б. беріктігі анықталады. Беріктік құрылыс материалдарының маңызды қасиеті болып табылады.

Зерттеу барысында тахеометрлік түсіріс негізінде горизонттардың бойында жатқан жарықшақтардың арақашықтықтары мен қозғалу бағыты ескерілді. Блокты тасты игеру, оны алудың негізгі параметрлерін анықтау кенорындарындағы жарықшақтардың күйі мен басым бағыттарын есепке алусыз жүргізіледі. Сол себепті осының барлығы шығындардың өсуіне әкеліп соғады. Мақаланың негізгі маңызы гранитті тау  жыныстарын игеру барысындағы олардың сапасын төмендетпей игеру болып отыр. Аталған мәселе қазіргі таңдағы тау жыныстарын блоктарға бөлу арқылы игеру өзекті мәселесі болып саналады.