Меню
Том 3 № 28 (2025) / 2025-09-30 / Көрілім саны: 211
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Каспий маңы мұнай-газ бассейні көмірсутек шикізатының мол қорларымен әлемдегі ірі аймақтардың қатарына жатады. Оның күрделі тектоникалық құрылысы мен геологиялық жағдайлары мұнай-газдылықты болжаудың дәлдігін арттыру үшін жыныстардың геохимиялық қасиеттерін терең талдауды талап етеді.
Осы зерттеу аясында ВУ-4 ұңғымасынан әртүрлі тереңдікте алынған сегіз экстрактқа газ-сұйықтық хроматографиялық талдау жүргізілді. 3057,15 м және 3191,65 м тереңдіктерден алынған екі үлгіде көмірсутектер анықталған жоқ. Қалған сынамалар мұнай аналық жыныстардың сипаттамаларын айқындауға мүмкіндік берді. Нәтижелерді интерпретациялау үшін Malcom (Schlumberger, Франция) және PIGI (IGI, Ұлыбритания) бағдарламалық өнімдері қолданылды.
Газ-сұйықтық хроматографиясы көмірсутектердің С13 тен С34 аралығын көрсетті, негізгі концентрациясы С10-С12 диапазонындағы н-алкандарға тиісті. Бұл теңіздік текті мұнайға тән сипат болып саналады. Жеңіл фракциялардың болмауы сынамаларды алу және сақтау ерекшеліктеріне, сонымен қатар көмірсутектердің қима бойындағы миграциясы мен қайта таралу процестеріне байланысты болуы мүмкін.
Алынған деректер мұнайдың генезисін терең түсінуге және мұнай-газдылық әлеуетін бағалауға жағдай жасайды. Зерттеу нәтижелері геохимиялық модельдерді нақтылауға және Каспий маңы аймағында мұнай-газдылықты болжауды жетілдіруге ықпал етеді.