Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 3 № 28 (2025) / 2025-09-30 / Көрілім саны: 217

АҚПАРАТТЫҢ ШУЛЫ ОРТАДА СЕНІМДІ ТАСЫМАЛДАУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН LDPC-ДЕКОДЕРЛЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

Авторлар

Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
https://orcid.org/0009-0006-8551-5063
Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
https://orcid.org/0000-0001-7605-7634
Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
https://orcid.org/0000-0003-4353-1728
«Adal Damu» ЖШС
https://orcid.org/0000-0002-7319-3785
Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
https://orcid.org/0009-0007-9447-0108

Кілтті сөздер

төмен тығыздықты паритет-тексеру коды, декодтау алгоритмдері, бит қателерінің жылдамдығы, кадр қатесінің жылдамдығы, байланыс жүйесі, шуды түзететін кодтау

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.3.28-976

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Жакина, М., et al. «АҚПАРАТТЫҢ ШУЛЫ ОРТАДА СЕНІМДІ ТАСЫМАЛДАУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН LDPC-ДЕКОДЕРЛЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІН ТАЛДАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 3, вип. 28, Вересень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.3.28-976.

Аңдатпа

Мақалада аддитивті ақ гаусстық шуылы (AWGN) бар байланыс арнасында әртүрлі төмен тығыздықты тексеру кодтары (LDPC) негізінде құрылған декодтау алгоритмдерінің өнімділігіне салыстырмалы талдау ұсынылады. Зерттеудің негізгі мақсаты — AWGN жағдайында ақпараттың сенімді берілуін қамтамасыз етуге қабілетті ең тиімді LDPC декодерлерін анықтау. Модельдеу үшін AFF3CT бағдарламалық құралы пайдаланылды, ол декодерлердің жұмысын егжей-тегжейлі талдауға және модель параметрлерін икемді баптауға мүмкіндік береді. Байланыс арнасы арқылы деректерді беру үдерісі келесі негізгі кезеңдерді қамтиды: деректер генерациясы, LDPC кодтау, модуляция (жұмыста BPSK қолданылады), AWGN арнасына шу қосу, демодуляция және декодтау. Зерттеу шеңберінде келесі LDPC декодерлері қарастырылды: GALA, GALB, GALE, PPBF, WBF және MWBF. Өнімділікті бағалау метрикалары ретінде биттік қателік жылдамдығы (BER) және кадрлық қателік жылдамдығы (FER) қолданылды. Модельдеу нәтижелері BP_FLOODING және BIT_FLIPPING алгоритмдерінің тиімділігі шу қарқындылығы мен модель параметрлеріне тәуелді екенін көрсетті. Талдау нәтижелері GALE алгоритмінің ұзындығы 20480 бит болатын хабарламалар үшін ең тиімді болып табылатынын көрсетеді. Сонымен қатар, есептеу ресурстары шектеулі жүйелерде итерация саны аз BIT_FLIPPING типті декодерлер де жоғары тиімділік көрсете алады. Ал қысқа хабарламалар жағдайында GALE немесе MWBF декодерлері анағұрлым тиімді болып табылады.