Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 3 № 28 (2025) / 2025-09-30 / Көрілім саны: 176

ҚАЗАҚСТАН КЕН ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚҰМНЫҢ БІЛІНУІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ӘДІСТЕРІ МЕН ШЕШІМДЕРІ

Авторлар

Yessenov University
https://orcid.org/0000-0003-1248-8747
Yessenov University
https://orcid.org/0000-0002-3163-153X
Yessenov University
https://orcid.org/0000-0002-4258-7933
Yessenov University
https://orcid.org/0000-0003-1588-3144
Yessenov University
https://orcid.org/0000-0002-5615-2711
Yessenov University
https://orcid.org/0000-0003-3807-2774
Yessenov University
https://orcid.org/0000-0003-1721-119X

Кілтті сөздер

құмның білінуі, мұнай-газ ұңғымалары, штангалы бұрандалы сорғылар, ұңғы түбі, құм жинау қоймасы, перфорациялық тесіктер

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.3.28-971

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Садуакасов, Д., et al. «ҚАЗАҚСТАН КЕН ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚҰМНЫҢ БІЛІНУІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ӘДІСТЕРІ МЕН ШЕШІМДЕРІ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 3, вип. 28, Вересень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.3.28-971.

Аңдатпа

Қазақстандағы мұнай-газ ұңғымаларында құмның білінуі олардың сенімді әрі тиімді жұмыс істеуіне айтарлықтай кедергі келтіретін өзекті мәселе болып отыр. Бұл мақалада механикалық қоспалардың жоғары мөлшерінде, ұңғымаларды пайдалану барысында туындайтын ақауларды талдау және оларды шешу жолдары қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде Қаражанбас, Солтүстік Бозащы және Құмкөл кен орындарындағы штангалы бұрандалы сорғылардың (ШБС) істен шығу себептері талданды. Нәтижелер бойынша, істен шығулардың негізгі себебі құмның білінуі екені анықталды, оның үлесі барлық жағдайлардың 51%-ына дейін жетеді. Мақалада құм тығындарының түзілуін болдырмау үшін ұңғы түбінде оңтайлы тереңдікте құм жинақтағыш қойма жасау әдісі ұсынылады. Экономикалық талдау көрсеткендей, бұл технология жөндеу жұмыстарының шығынын айтарлықтай азайтып, ұңғыманың жөндеу аралық кезеңін ұзартады. Ұсынылған шешімнің тиімділігі өндірістік деректермен және егжей-тегжейлі есептермен дәлелденген.