Меню
Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 164
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл зерттеу жұмысы дәстүрлі қазақ деликатесі саналатаын қарта өнімінің - жылқының тоқ ішек бөлігінің - химиялық, тағамдық және физика-химилық қасиеттерін кешенді түрде сипаттайды. Мәдени маңыздылығына қарамастан және нарықта қызығушылықтың артуына қарамастан, бұл өнім түрінің құрамы жеткілікті дәрежеде зерттелмеген. Қарта үлгілері ылғалдың массалық үлесі, май, ақуыз, күл, pH, су белсенділігі (aw), сонымен қатар технологиялық қасиеттері - ылғал-май ұстағыштық пен су байланыстыру қабілеті бойынша зерттелді. Сонымен қатар холестерин мөлшері, бос аминқышқылдары мен май қышқылдарының құрамы анықталды (СТ ҚР стандарттары және заманауи аналитикалық әдістерімен).
Зерттеу нәтижелері бойынша қарта төмен холестерин құрамымен (29.9±0.72 мг/100г), жоғары моно- және полиқанықпаған май қышқылдарымен (МНМҚ - 42.5%, ПНМҚ - 17.7%) және едәір мөлшердегі бос және алмастырылмайтын аминқышқылдарымен (41.3%) ерекшеленетіні анықталды. Термоөңдеуден кейін де технологиялық қасиеттері жоғары деңгейде сақталған.
Осы нәтижелер қарта өнімін ақуыздар мен майлардың толыққанды көзі ретінде және денсаулыққа пайдалы функционалды өнімдерге арналған шикізат ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.