Меню
Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 229
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақалада Қазақстанның сыртқы қарыздың құрылымы, динамикасы және тәуекелдері кешенді талданып, сыртқы қарыздың өсуін анықтайтын негізгі факторлар бағаланған. Зерттеу мемлекеттік және жеке секторды, соның ішінде фирмааралық қарыздар мен квазимемлекеттік компаниялардың міндеттемелерін қамтиды.
Мемлекеттік басқару органдарының, Ұлттық банктің, банк секторының және нақты сектор кәсіпорындарының міндеттемелерін қоса алғанда, сыртқы қарыздың секторлық ерекшеліктері зерттелген. Қарыз құрылымында ең үлкен үлесті қаржылық емес ұйымдар мен квазимемлекеттік компанияларды қамтитын «басқа секторлар» алатыны анықталды. Сондай-ақ, сыртқы қарызды тартудың қаржылық құралдары талданды, олардың ішінде несиелер мен қарыздар басым болатыны атап өтілді.
Зерттеу барысында жеке және квазимемлекеттік компаниялардың міндеттемелері бойынша мемлекеттің кепілдіктерімен, сондай-ақ ұлттық валюта бағамының өзгеруімен байланысты тәуекелдерге ерекше назар аударылды. Мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздың өсуі қосымша бюджеттік тәуекелдер тудыратыны атап өтілді.
Жүргізілген талдау негізінде қарыз алуды бақылауды нығайту, корпоративтік есептіліктің ашықтығын арттыру, қаржыландыру көздерін әртараптандыру және валюталық және шикізаттық тәуекелдерді хеджирлеу механизмдерін әзірлеу бойынша ұсыныстар көрсетілді. Қазақстанның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын және макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бюджеттік тәртіпті нығайту мен ішкі капитал нарығын дамыту қажеттілігі атап өтілді.