Меню
№ 3 (20) - 2023 / 2023-09-30 / Көрілім саны: 138
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Ақылды қиылыслогикалық жүйенің типтік технологиясы болып табылады. Қалада автокөліктің санының тез өсуіне байланысты кептеліс пен ластану сияқты түрлі туындаған проблемалар барған сайын күшейе түсуде.
Адаптивті қиылысты басқару жүйесі, көбінесе қаладағы кептеліс мәселесін шешу үшін жүзеге асырылады. Тұрақты қолданылатын басқару жүйелері әдетте логикалық емес болып саналады, яғни бағдаршам сигналы статикалық түрде өзгереді. Бұл жұмыстың мақсаты-қиылысты логикалық басқарудың адаптивті жүйесін ұсыну, яғни, автокөліктердіңжүрісіне байланысты нақты уақыт режимінде бағдаршам сигналдарын өзгерту.
Бұл жүйе көлік құралдары мен бағдаршамдар арасындағы деректерді ұсынуды жүзеге асыратын адаптивті автокөлік байланыс моделінің мысалы болып табылады. Автокөліктермен жол қиылысында қиылысқан кезде бағдаршамға лездік туралы хабарлама жібереді, содан кейін бағдаршам ақпаратты реттеп және нақты уақыт режимінде сигнал беру уақытын реттейді. Екі бағыттағы әрбір бағдаршамның ортогоналдылықты талап етпестен өзіндік басқару стратегиясы бар. Бағдаршамды басқарудың бұл жүйесі қиылыстан өтетін автомобильдер санын барынша арттыруға және соның салдарынан кептелістер мен ластануды азайтуға мүмкіндік береді. Автокөліктержүрісіне негізделген бағдаршамды басқару алгоритмі және оны модельдеу ұсынылған. Бұл басқару жүйесінің қауіпсіздігі мен сенімділігі де талқыланады.