Меню
Том 3 № 28 (2025) / 2025-09-30 / Көрілім саны: 172
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Көптеген дамушы елдерде жыл сайын едәуір көлемде жануарлардан алынатын жанама өнімдер пайда болады. Бұл өнімдер қайта өңдеуге жарамды, дегенмен, техникалық білімнің жеткіліксіздігінен олар жойылады немесе толық пайдаланылмайды. Осындай жанама өнімдердің бірі – қойдың қарынындағы масса (каныга). Қазіргі таңда осы шикізатты қайта өңдеу мақсатында оның сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызды болып отыр.
Зерттеу нысаны: қойдың қарынындағы масса (каныга). Зерттеу жүргізуде белгіленген мемлекеттік стандарттар қолданылды. Зерттеудің мақсаты - қойдың қарынындағы массаның (каныга) физика-химиялық көрсеткіштеріне, дәрумендер мен минералды заттар құрамына зерттеу жүргізу. Осы мақсатта бастапқы ылғалдылық, гигроскопиялық ылғалдық, жалпы ылғалдылық, құрғақ заттар мөлшері, күлділік, қант, азотсыз экстрактивті заттар, талшық, май, ақуыз мөлшері мен дәрумендер, минералды заттар мөлшері зерттелінді.
Зерттеу нәтижесінде бастапқы ылғалдылық – 5,63%, гигроскопиялық ылғалдылық – 2,31%, жалпы ылғалдылық – 7,81%, құрғақ заттар мөлшері – 92,19% көрсетті. Ақуыз мөлшері – 9,19 %, күлділік – 9,19%, азотсыз экстрактивті заттар – 33,67%, талшық – 37,75% көрсетті. Қой қарынындағы масса Е дәруменіне бай (212,0 мг) және В1 (0,01мг/100г), В2 (0,13 мг/100г), В3 (0,057 мг/100г), В5 (0,044мг/100г), В6 (0,009мг/100г) дәрумендері анықталды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, қойдың қарынындағы массаның физика-химиялық көрсеткіштеріне талдау жасалынды.
Зерттеу нәтижесінде қойдың қарынындағы масса көптеген минералды заттар мен дәрумендерге бай, қайта өңдеуге жарамды шикізат екенін көрсетті.