Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 202

ҚЫЗАНАҚ СЫҒЫНДЫСЫМЕН БАЙЫТЫЛҒАН ЕТ НАНЫНЫҢ ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ МАЙ ҚЫШҚЫЛДЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0000-0002-4835-4145
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0000-0003-3792-4656
М.Әуезов атындағы Оңүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0000-0002-0726-8232

Кілтті сөздер

функционалдық қоспа, ет өнімі, қызанақ қалдығының ұнтағы, ет наны, органолептикалық қасиеттері, май қышқылдарының құрамы

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.27-937

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Исламова, Г., et al. «ҚЫЗАНАҚ СЫҒЫНДЫСЫМЕН БАЙЫТЫЛҒАН ЕТ НАНЫНЫҢ ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ МАЙ ҚЫШҚЫЛДЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 27, Червень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.2.27-937.

Аңдатпа

Бұл жұмыста ет нанының органолептикалық көрсеткіштері мен май қышқылының құрамын қызанақ  ұнтағының әсері зерттелді. Зерттеудің өзектілігі өсімдік компоненттерімен байытылған функционалдық тағамдарға деген қызығушылықтың артуына, сондай-ақ тамақ қалдықтарын ұтымды пайдалану қажеттілігіне байланысты.

Зерттеу барысында ет нанының үлгілеріне әртүрлі мөлшердегі қызанақ қалдығының ұнтағы (5%, 10%, 15% және 20%) дайындалып,  олардың органолептикалық бағалауы бес балдық гедоникалық шкала бойынша жүргізілді. Қызанақ ұнтағын  қосудың оңтайлы деңгейі 15% құрады, бұл ет өнімінің дәстүрлі құрылымын бұзбай, дәм мен түс сипаттамаларын жақсартуды қамтамасыз етті.. Бұл ретте бақылау үлгісімен салыстырғанда түсінің қанықтылығының жоғарылауы, хош иістің күшеюі және текстураның жақсаруы байқалды.

Газ хроматографиясы әдісімен май қышқылының құрамын талдау қызанақ қалдығын қосу полиқанықпаған май қышқылдарының, атап айтқанда линол және олеин қышқылдарының құрамын арттыруға, сондай-ақ қаныққан май деңгейін төмендетуге ықпал ететінін көрсетті. Осылайша, қызанақ қалдығын қолдану ет нанының тағамдық құндылығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар оның функционалдық қасиеттерін жақсартуға көмектеседі.

Алынған нәтижелер ет өнімдерін өндіруде қызанақ ұнтағын қолдану перспективаларын растайды, олардың тағамдық құндылығын, органолептикалық тартымдылығын және өндірістің экологиялық тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етеді.