Меню
Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 245
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Технологиялық өзгерістердің қарқыны күннен-күнге артып келе жатқан қазіргі жағдайда цифрландыру IT-жобаларды тиімді басқарудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде алға шығады. Қазақстанда бұл үдеріс «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, ел экономикасын жаңғыртуға және заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге айтарлықтай ықпал етуде. Алайда оң өзгерістерге қарамастан, цифрландыру бірқатар өзекті мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Атап айтқанда, жоғары білікті кадрлардың жетіспеушілігі, цифрлық инфрақұрылымның аймақтар арасында тең дәрежеде дамымауы және басшылық деңгейінде цифрлық бастамаларға жеткіліксіз қолдау көрсетілуі - бұл саланың дамуын тежейтін басты факторлар ретінде көрініс табуда.
Осы зерттеу жұмысы Қазақстандағы цифрландырудың IT-жобаларды басқару тиімділігіне нақты қандай әсер ететінін саралауға бағытталды. Жоба менеджерлері арасында сауалнама жүргізіліп, алынған деректер негізінде регрессиондық талдау, ANOVA және хи-квадрат секілді статистикалық әдістер қолданылды. Нәтижелер көрсеткендей, ұйым басшылығының цифрлық трансформация үдерісіне белсенді араласуы цифрландыру деңгейіне тікелей ықпал етеді. Ал жобалық менеджерлердің кәсіби тәжірибесі жобаның табысына шешуші әсер ете бермейтінін аңғартты.
Жүргізілген зерттеу негізінде ұйымдардағы цифрландыру бастамаларын жоғарғы деңгейде қолдау қажеттігі анық байқалады. Бұл IT-жобалардың нәтижелілігін арттыруға және Қазақстанда цифрлық өзгерістерді жеделдетуге нақты мүмкіндік береді.