Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 196

ҚАЗАҚСТАН КӨМІРЛЕРІНЕН АЛЫНҒАН КЕУЕКТІ КӨМІРТЕКТІ МАТЕРИАЛДАРДА СУТЕКТІ САҚТАУ

Авторлар

«Көмір химиясы және технология институты» ЖШС
https://orcid.org/0000-0001-9016-3062
«Көмір химиясы және технология институты» ЖШС
https://orcid.org/0000-0003-1556-9526
«Көмір химиясы және технология институты» ЖШС
https://orcid.org/0000-0002-9497-7319
«Көмір химиясы және технология институты» ЖШС
https://orcid.org/0000-0003-0416-7775
Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ
https://orcid.org/0000-0001-9682-5127
«Көмір химиясы және технология институты» ЖШС
https://orcid.org/0009-0000-7894-5723
«Көмір химиясы және технология институты» ЖШС
https://orcid.org/0009-0001-5811-4313
«Көмір химиясы және технология институты» ЖШС
https://orcid.org/0009-0006-2181-6019

Кілтті сөздер

көмір, адсорбент, кеуектілік, карбонизация, адсорбция, сутегі

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.27-908

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Қазанқапова, М., et al. «ҚАЗАҚСТАН КӨМІРЛЕРІНЕН АЛЫНҒАН КЕУЕКТІ КӨМІРТЕКТІ МАТЕРИАЛДАРДА СУТЕКТІ САҚТАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 27, Червень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.2.27-908.

Аңдатпа

Зерттеу Қазақстанның «Шұбаркөл» және «Шоптыкөл» кен орындарының көмірлерінен алынған белсендірілген көмір адсорбенттерінің сутегіні сорбциялау қасиеттерін зерттеуге арналған. Үлгілерді белсендіру үшін 1:0,5 қатынасында KOH-мен өңдеу, содан кейін 900 °C температурада термиялық белсендіру қолданылды. Үлгілердің меншікті бетінің ауданы БЭТ әдісімен анықталды және олардың сутегін сіңіру қабілеті әртүрлі температура жағдайында бағаланды. Зерттеу көрсеткендей, ең үлкен меншікті бетінің ауданы (926,67 м²/г) және сутегінің максималды сорбциялық қабілеті (1,48 мас.%) 77 К температурада «Шоптыкөл:KOН» ұнтақ адсорбентімен (қатынасы 1:0,5, өңдеу температурасы 900 °С) көрсетілген. Бұл материалдардың адсорбциялық-десорбциялық изотермалары экструдталған адсорбенттердің мезокеуекті құрылымын және ұнтақ аналогтарының неғұрлым дамыған микрокеуекті құрылымын көрсете отырып, оларды I және II типке жатқызылды. Температуралық зерттеулер температураны төмендету меншікті бетінің ауданын да, сутегінің адсорбциялық қабілетін де арттырып, криогендік температурада сорбциялық шыңға жететінін анықтады. Осыған байланысты «Шоптыкөл:КОН» ұнтағы (1:0,5, 900°С) жоғары меншікті бетінің ауданына, дамыған микрокеуекті құрылымына және сутекті сіңіру қабілетіне байланысты сутегін сақтау үшін оңтайлы материал болып танылды.