Экономика, бизнес және қызмет көрсету

№ 1 (26) - 2025 / 2025-03-31 - 2025-04-08 жаңартылды / Көрілім саны: 68

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ КӨЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті
https://orcid.org/0000-0002-8455-4531
Халықаралық Көлік-Гуманитарлық Университеті,
https://orcid.org/0009-0008-7261-9028
Халықаралық Көлік-Гуманитарлық Университеті
https://orcid.org/0009-0001-4048-9520
Халықаралық Көлік-Гуманитарлық Университеті
https://orcid.org/0009-0002-4756-9352

Кілтті сөздер

көлік инфрақұрылымы, эконометрикалық модель, жолаушылар тасымалы, Алматы қаласы

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.26-907

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Смагулова S., Омаров A., А. Алибекова, і Омарова B. «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ КӨЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ». 2025. ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 26, Квітень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.1.26-907.

Аңдатпа

Жолаушылар көлігі қалалық инфрақұрылымның маңызды бөлігі болып табылады, ал экономикалық тиімділік қалалардың жұмыс істеуі үшін өте маңызды. Зерттеуде көп сызықтық регрессия, корреляциялық талдау және дисперсияны талдау әдістері қолданылады. Көлік секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру аспектілері зерттеледі.

Талдау нәтижелері Алматы қаласындағы жолаушылар кірісіне метро вагондарының саны, жолаушылар кірісі, ТБИ және негізгі капитал салымдары айтарлықтай әсер ететінін көрсетті. Көптік регрессия моделі деректердегі ауытқуларды түсіндірудің жоғары дәрежесін көрсетті. Атап айтқанда, мұнда келесі факторлар бағаланды: жолаушылар автобустарының, троллейбустардың, метро вагондарының саны, тасымалдау тарифтері мен инвестиция көлемі және т.б. Корреляциялық талдау жолаушылар көлігінің саны мен тасымалдаудан түскен кіріс, тұтыну бағаларының индексінің нормасы, тасымалдау тарифтері және негізгі капиталға инвестиция көлемі арасында маңызды байланыс бар екенін көрсетті.

Зерттеудің мақсаты – Алматы қаласындағы жолаушылар тасымалының кірісіне және ЖӨӨ деңгейіне әсер ететін экономикалық факторларды талдау. «Алматы – 2025» өңірлік даму бағдарламасы көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және көлік саласына инвестиция көлемін арттыруға бағытталған. Алынған мәліметтер көлік инфрақұрылымын ұйымдастырудың маңыздылығын және табыс алудағы экономикалық факторлардың даму деңгейін көрсетеді. Жұмыста Алматы қаласының көлік жүйесін дамытуды жақсарту бойынша ұсыныстар берілген.