Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

№ 2 (19) - 2023 / 2023-07-05 / Көрілім саны: 110

ҚИЯҚТЫ КЕН ОРЫНЫ КӨМІРНІҢ ТЕРМИЯЛЫҚДЕСТРУКЦИЯСЫНЫҢ КИНЕТИКАСЫ

Авторлар

АО «КазУТБ»

Кілтті сөздер

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.19-89

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Нургалиев, Н. «ҚИЯҚТЫ КЕН ОРЫНЫ КӨМІРНІҢ ТЕРМИЯЛЫҚДЕСТРУКЦИЯСЫНЫҢ КИНЕТИКАСЫ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 19, Липень 2023, doi:10.58805/kazutb.v.2.19-89.

Аңдатпа

Мақалада термогравиметриялық анализ әдісін қолдану арқылы көмірдің термиялық деградациясының кинетикасы зерттеу жасалған. Көмір үлгілері қыш тигельдерде 25–900°C температура диапазонында азот пен оттегі орталарында әртүрлі қыздыру жылдамдықтарында (3–15 град/мин) қыздырылды. Зерттеу нысаны ретінде Қияқты кен орнының көмірі (Қазақстан) таңдалды. Құрылған дифференциалдық қисықтар негізінде DTG (үлгі массасының өзгеру жылдамдығының уақытқа тәуелділігі) әртүрлі қыздыру жылдамдықтарында көмірдің термиялық деструкциясының кинетикалық параметрлері изотермиялық емес формалды кинетика теңдеулері арқылы есептелді. Көмірдің органикалық массасының (КОМ) термиялық бұзылу процесінің кинетикалық параметрлеріне көмірді қыздыру жылдамдығы мен температурасының әсері зерттелді.

КОМ ыдырауының негізгі кезеңдері анықталды. Көмір үлгілерін қыздыру жылдамдығы DTG дифференциалды қисықтары бойынша негізгі ыдырау максимумдарына сәйкес келетін температура мен технологиялық процестің жылдамдығына айтарлықтай әсер ететіні анықталды.