Аңдатпа. Үш өлшемді беттер қазіргі геоақпараттық жүйелерді зерттеу үшін маңызды нысандар болып табылады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерді енгізуге байланысты осы тақырып бойынша жұмыстар саны тез өсуде. Олар үш өлшемді кескіндердің математикалық модельдерін ұсынады. Көптеген ғылыми зерттеулер реалистік кескіндерді синтездеу мәселесіне, сондай-ақ Делон триангуляциясына негізделген беттік модельдерді құруға бағытталған. Делон триангуляциясын құру міндеті есептеу геометриясындағы негіздердің бірі болып табылады. Оған көптеген басқа міндеттер кіреді, ол машиналық графикада және геоақпараттық жүйелерде беттерді модельдеу және кеңістіктік есептерді шешу үшін кеңінен қолданылады. Тәжірибе көрсеткендей, триангуляцияны білдіретін құрылымды таңдау алгоритмдердің теориялық күрделілігіне, сондай-ақ нақты іске асыру жылдамдығына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, құрылымды таңдау триангуляцияны одан әрі қолдану мақсатына байланысты болуы мүмкін. Рельеф моделін нақты модельге жақындату үшін оның сызықтық және аумақтық құрылымдық элементтерін есепке алуды және көрсетуді қамтамасыз ететін қосымша элементтер енгізіледі. Осыған байланысты сызықтық тығыздықты қолдану арқылы оның жарықтандырылуын ескере отырып рельефті картаға түсірудің математикалық моделін әзірлеу және зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл жұмыс осы мәселелерді шешуге арналған. Компьютерлерге арналған бағдарламалық жасақтама жер бедерінің биіктіктерінің бастапқы матрицасы негізінде жел бағыты бойынша жер бедерінің бір өлшемді графигін құруға арналған. Бағдарлама «өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің мониторингі» бағдарламалық-аппараттық кешенінің құрамына енгізілген.
Түйін сөздер: программалық-аппараттық кешен, жер бедері, автоматтандырылған жүйе, өрт қауіпсіздігі.