Меню
Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 202
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақалада Атырау өңірі экономикасының басым салаларын айқындайтын негізгі критерийлер мен факторлар қарастырылады. Өнеркәсіп секторын, оның ішінде үстем жағдайға ие мұнай-газ саласын, сондай-ақ қайта өңдеу өнеркәсібін, құрылыс пен ауыл шаруашылығын талдауға ерекше назар аударылады.
Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) серпінін, өнеркәсіптік өндіріс көлемдерін және халықты жұмыспен қамту деңгейін қоса алғанда, өңірдің соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізілді. Басым салалардың дамуына әсер ететін өңір экономикасындағы құрылымдық өзгерістер, сондай-ақ Мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялардың экономикалық тұрақтылыққа әсері қаралды.
Инновациялық даму, технологиялық прогресс және негізгі салалардың өсуіне ықпал ететін факторлар мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мақалада өндіріс динамикасын, инвестициялық белсенділікті және экономиканың әртүрлі секторларындағы жұмыспен қамту тенденцияларын сипаттайтын статистикалық мәліметтер келтірілген.
Сондай-ақ, мұнай-газ секторына тәуелділікті, шикізаттық емес салаларды дамыту, инфрақұрылымды жақсарту және жұмыс күшінің біліктілік деңгейін арттыру қажеттілігін қоса алғанда, өңірдің алдында тұрған сын-қатерлер қаралды. Экономиканы әртараптандырудың, қайта өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар көлемін ұлғайтудың, сондай-ақ негізгі салаларға заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығы атап өтіледі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы – мұнай-газ өндіруші өңірлердің экономикасын әртараптандыру және жаңғырту мақсатында инвестициялық ағындарды әртүрлі салаларға ұтымды қайта бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін басым салаларды қалыптастыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік тәсілді әзірлеуінде көрініс табады. Бұл тәсіл өнеркәсіптің инновациялық негізде дамуын, оның монопрофильділігін төмендетуді, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық бағдарламаларды іске асыру арқылы өңір экономикасының орнықты дамуы мен әлеуметтік бағыттылығын арттыруды көздейді.
Мұнай-газ өндіруші өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын ғылыми негіздеу – өңірлік экономика жағдайын айқындайтын басқарушылық процестердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қолда бар ресурстар әлеуметтік-экономикалық дамудың неғұрлым өзекті бағыттарына шоғырландырылуы тиіс. Өңір дамуының басым бағыттарын айқындау жинақталу (кумулятивті) әсерін туындатып, оған іргелес салалардағы қызметтің белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
Аймақ үшін басым салаларды анықтаудың практикалық маңыздылығы келесідей:
Зерттеу нәтижелері келесі негізгі қорытындыларды қамтиды:
Қорытындыда Атырау облысының даму перспективалары, экономиканы әртараптандыру мүмкіндіктері және стратегиялық маңызы бар салаларды қолдау қажеттілігі туралы қорытындылар жасалады. Инновациялық әлеуетті дамыту, іскерлік ахуалды жақсарту және жоғары технологиялық өндірістерге инвестициялар тарту есебінен өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар ұсынылды.