Меню
№ 1 (18) - 2023 / 2023-04-04 / Көрілім саны: 106
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Аңдатпа. Көптеген ақпараттық жүйелерден ақпаратты аналитикалық өңдеу мәселесі қазіргі қоғам дамуының маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта әр түрлі мақсаттағы ақпараттық жүйелерді (әскери, техникалық, экономикалық, медициналық, әлеуметтік және т.б.) әзірлеу және пайдалану саласындағы осы мәселені шешу пайдаланушыларға әр түрлі мәліметтерден маңызды ақпарат бөлуге мүмкіндік беретін әртүрлі аналитикалық өнімдерді әзірлеумен тікелей байланысты. Мақалада матрицалық есептеуді қолдану негізінде біртекті мәліметтер массивінен өзара байланысты адамдар тобын оқшаулау мүмкіндігі зерттелген. Python бағдарламалау тілінде программалық жасақтама жасалды. Мұнда екі тәсіл қолданылады: 1) матрицалық есептеу әдістеріне негізделген тәсіл және 2) Дайкстра әдісі. Ұсынылған алгоритмдердің тиімділігі модельдік есептерде көрсетілген.
Түйін сөздер: матрица, ақпаратты іздеу, семантика, сұрыптау, Python.