Экономика, бизнес және қызмет көрсету

№ 2 (19) - 2023 / 2023-07-05 / Көрілім саны: 74

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІН МОТИВАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІ: БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БОЛАШАҒЫ

Авторлар

КазУТБ

Кілтті сөздер

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.19-83

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Карбетова, З. «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІН МОТИВАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІ: БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БОЛАШАҒЫ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 19, Липень 2023, doi:10.58805/kazutb.v.2.19-83.

Аңдатпа

Мемлекеттік басқарудың жетістікті болуы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін қандай дәрежеде іске асыруына байланысты. Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру деңгейінің жеткіліксіздігі олардың нәтижелі жұмыс істеуіне кедергі болып отыр.  Мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігін дамытуға бағытталған уәждемелік ықпал ету арқылы кәсіби әлеуетті арттыру жолдары әлі де дамымаған күйде қалып отыр. Сондықтан бұл зерттеудің негізгі бағыты өзекті және ғылыми-тәжірибелік маңызы зор мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың заманауи жүйесін бағалау және оны Қазақстан Республикасында жетілдіру жолдарын қарастыру болмақ.

Сондықтан мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың заманауи жүйесін бағалау және оны Қазақстан Республикасында жетілдіру жолдарын қарастыру бұл зерттеудің негізгі бағыты өзекті және ғылыми-тәжірибелік маңызы зор болып келеді.

Жұмыста мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру ерекшеліктері атап көрсетіліп, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметін ынталандырудың шетелдік тәжірибесі талданып және олардың жұмысын ынталандыру бағыттары қарастырылды; сауалнама негізінде мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалаудың заманауи жүйесі зерделенді. Қазақстанда эмпирикалық зерттеу жүргізу барысында сауалнамаларды өңдеу белсенді мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметін ынталандыратын негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік берді. Өткізілген сауалнаманың іріктеме жинағы нәтижелер мен қорытындылардың репрезентативтілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Тестілеуден өткен мемлекеттік қызметтің жаңа моделі факторлық-баллдық жүйеге сүйенеді. Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мемлекеттік қызметке ең адал және жан-жақты сауатты қызметкерлерді іріктеуге мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік басқарудың сапасын арттырады. Осылайша, біз Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесінің тиімділігіне талдау жүргізіп, оларды бағалап, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби қызметіне ынталандыруды жетілдіру бойынша шаралар әзірледік.