Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 187

НАН ЖӘНЕ КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ МАЙ ҚЫШҚЫЛДАРЫ ТРАНСИЗОМЕРЛЕРІНІҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ

Авторлар

«ҚaзҚӨТӨҒЗИ» ЖШС Астана филиалы
https://orcid.org/0000-0001-7811-0697

Кілтті сөздер

май қышқылдарының трансизомерлері, гидрогенизацияланған майлар, маргарин, өсімдік майы, нан өнімдері, кондитерлік өнімдер, ИҚ спектроскопиясы

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.27-813

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Далабаев, А. «НАН ЖӘНЕ КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ МАЙ ҚЫШҚЫЛДАРЫ ТРАНСИЗОМЕРЛЕРІНІҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 27, Червень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.2.27-813.

Аңдатпа

  Қазіргі уақытта азық-түлік өнімдеріндегі май қышқылдары трансизомерлерінің жоғары деңгейі мәселесі бүкіл әлемде кеңінен талқылануда, өйткені ауқымды зерттеулер транс майларын тұтыну мен жүрек-қан тамырлары ауруларының, II типті қант диабетінің және семіздіктің дамуы арасындағы байланысты дәлелдеді. 2018 жылы май қышқылдарының трансизомерлерінің жоғарғы шегі КО ТР 024/2011 «Май және тоң-май өнімдерінің техникалық регламентінде» өнімдегі май мөлшерінің 2%-дан аспауы керектігін орнатты. Дегенмен, бұл шектеулер тек май және май өнімдеріне қатысты, ал тамақ өнімдерінің басқа түрлері үшін мұндай шектеулер жоқ және олардағы трансизомерлерінің мөлшері реттелмейді. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасының отандық шикізатынан өндірілген гидрогенизацияланған майлар негізіндегі маргариндерді қолдану арқылы алынған нан және кондитерлік өнімдердің тағамдық қауіпсіздігін бағалау болып табылады. Мақалада қан айналымы жүйесі ауруларының жиілігі мен маргарин өнімдерінің бағасының өзгеруі тамамдалған. Нан және кондитерлік өнімдердің 10 түріндегі май қышқылдарының трансизомерлерінің мөлшері анықталды. Барлық зерттелген үлгілердегі трансизомерлердің мөлшері 2%-дан аспайтыны анықталды, сонымен қатар май қышқылдарының транс-изомерлерінің тәуліктік қабылдау нормасы да анықталды.