Меню
Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 289
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл зерттеу жұмысы денсаулық сақтау ұйымдарының тиімділігін арттыру мақсатында ауруханалардағы ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін қарастырады. Денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестіктің артуы мен шығындардың өсуі ауруханаларды өз қызметін оңтайландыруға мәжбүрлейді. Ауруханалардың тиімділік деңгейін өлшеу үшін DEA (Data Envelopment Analysis) әдісі қолданылады, бұл әдіс аурухана басшыларына тиімсіз бөлімдерді анықтап, ресурстарды қалай тиімді пайдалануға болатынын білуге көмектеседі. Зерттеу жұмысының негізі мақсаты Түркістан қалалық орталық ауруханасының 2023 жылғы мәліметтеріне сүйеніп, стационарлық қызметі бар 11 бөлімде салыстырмалы тиімділік анализін жүргізу болып табылады. Зерттеу нәтижесінде тиімді және тиімсіз бөлімдер анықталып, ресурстарды оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленді. Зерттеу барысында алынған ақпараттар аурухана басшылығына мемлекет бөлетін ресурстарды тиімді пайдалану мен медициналық қызметтерді сапалы көрсетуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері аурухана басшылығына өз бөлімдерінің тиімділігін арттыру үшін нақты қадамдар жасауды ұсынады, бұл жалпы денсаулық сақтау жүйесінің өнімділігін жоғарылатуға септігін тигізеді.