Меню
Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 214
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл мақаланың мақсаты сүт және сүт өнімдері жаһандық нарығын дамытудың негізгі үрдістеріне талдау жүргізу және Қазақстан үшін перспективаларды айқындау болып табылады. Мақалада әлемдегі сүт өндірісін дамытудың негізгі тенденциялары және Қазақстан Республикасындағы сүт және сүт өнімдері нарығының қазіргі жағдайы талданған. Сүтті сиырлар саны мен өнімділігіндегі, сүт өндірісіндегі өзгерістердің негізгі бағыттары мен себептері, сондай-ақ әлемдегі және ҚР-дағы сүт фермаларының өзгеру ерекшеліктері анықталды. Әлемдік нарықтағы сатып алу бағасының ауытқу себептері және олардың отандық нарыққа әсері қарастырылды. Мақалада қойылған мақсаттар мен міндеттерге жан-жақты қол жеткізуге ықпал ететін жалпы ғылыми және экономикалық зерттеу әдістері қолданылады. Жалпылау әдісі материалдарды терең талдауды және зерттеу құрылымын дамытуды қамтамасыз етті, ал интерпретация және салыстыру әдістері зерттеушілердің пікірлерін бағалауға және сүт және сүт өнімдері нарығының дамуының негізгі сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік берді. Деректер мен статистикалық қорытындыларды талдау негізінде Қазақстан Республикасындағы сүт нарығының ағымдағы жай-күйі туралы тұжырымдар жасалды, өнім сапасына әсер ететін факторлар анықталды және оны жақсарту бойынша ұсыныстар анықталды.