Меню
Том 4 № 29 (2025) / 2025-12-30 / Көрілім саны: 177
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақаланың мақсаты гудвиллдің құнын бағалаудың тиімді моделін анықтау үшін талдау және гудвиллді бухгалтерлік есепке алу мәнін ашу болып табылады. Гудвиллмен туындаған мәселенің бірі – бухгалтерлік есепте әдейі немесе абайсызда гудвиллдің сомасын асыра сілтеп көрсетеді. Мұндай асыра сілтеулер ұйымдардың активтерін жасанды түрде мықты етіп көрсетуі салдарынан инвесторларды адастыруы мүмкін. Осыған байланысты мақалада ұйымның гудвиллін дәл қалай анықтауға болатындығын қарастырамыз. Гудвиллге қатысты ұйымдарды сатып алу кезінде сатып алушы артық төлем жасай. Нәтижесінде жанжалдар туындайды, осыған байланысты гудвиллдің құнсыздануына жыл сайын сынақтар жүргізу арқылы ұйымның мәлімделген гудвиллдің әділ нарықтық құнынан асып кетуін анықтайды. Осы сынақтар гудвиллдің азаюына алып келгенде, ұйым қаржылық есептіліктің төмендеуін гудвиллдің құнсыздануынан болған залал ретінде көрсетеді. Осы жағдайды ескере отырып, біз гудвиллдің құнсыздануына тестілеудің негізгі қадамдарын қарастыра аламыз.
Ұйымның гудвилл үшін төлеген шығындарын 40 жыл ішінде амортизациялаудың орнына, сатып алынған ұйымлармен байланысты гудвилл құнының жыл сайынғы азаюын мойындауы керек. Кірістер мен шығыстардың мұндай сәйкестігі қаржылық есептіліктің негізділігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар бухгалтерлерге құнсызданудан болған шығындарды өлшеу үшін тиісті модельді таңдау міндеті туындайды. Авторлар осы жаңа стандартты шығарудың кейбір себептерін атап көрсетеді, дисконтталған ақша ағындарының әсерін және осындай құнсыздануды өлшеу үшін қалдық кіріс әдістерін салыстырады және жаңа беделді ережелерді сақтау үшін тұжырымдамалық модельді қалай әзірлеу керектігін ұсынады.