Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 263

ЗАРЯД КОНТРОЛЛЕРІН ӘР ТҮРЛІ ФОТОЭЛЕКТРЛІК ЖҮЙЕЛЕР ҮШІН СТАТИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
https://orcid.org/0000-0002-5723-6642
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
https://orcid.org/0009-0006-7802-9577

Кілтті сөздер

Стьюдент т-критерийі, Колмогоров-Смирнов критерийі, күн энергетикасы, контроллер, күн трекері

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.27-764

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Құттыбай, Н., і О. Байболов. «ЗАРЯД КОНТРОЛЛЕРІН ӘР ТҮРЛІ ФОТОЭЛЕКТРЛІК ЖҮЙЕЛЕР ҮШІН СТАТИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 27, Червень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.2.27-764.

Аңдатпа

Жұмыста максималды қуат нүктесін бақылау (МҚНБ) және ендік импульстік модуляциясы (ЕИМ) контроллерлерінің стационарлы күн панелдерімен және күн трекерлерімен тиімділігі зерттеледі. Мұндағы басты назар аударатын мәселе қымбатырақ МҚНБ контроллерлерін ЕИМ контроллерлерімен алмастыру арқылы энергия түрлендіруінің жалпы тиімділігін жоғалтпай қаржылық шығындарды азайту мүмкіндігіне ие болу. Контроллерлердің тиімділігінің айырмашылығына қатысты гипотезаны тексеру үшін Стьюденттің т-критерийі және Колмогоров-Смирнов (КС) критерийі қолданылды. Стационарлы фотоэлектрлік жүйелер үшін алынған нәтижелер екі түрлі контроллер арасындағы энергия өндіруде елеулі айырмашылықтардың жоқтығын көрсетті (t=0,935, p=0,20; КС-тест: p=0,1963). Алайда, бір осьті және екі осьті күн трекерлері үшін МҚНБ контроллерлерінің артықшылығы т=2,203 және т=2,087 мәндерімен төмен мәнділік деңгейлерінде (p=0,01 және p=0,0025) расталды. Бұл нәтижелер контроллер түрін таңдау арқылы жүйелердің өнімділігіне әсерін көрсетеді және жаңартылатын энергетика саласында тиімді, экономикалық жағынан үнемді шешімдерді жобалауға мүмкіндік береді.