Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 258

ДИАБЕТТІК РЕТИНОПАТИЯНЫ ЕМДЕУДЕ КӨЗ ТҮБІ ТІНДЕРІНЕ ЛАЗЕРЛІК ӘСЕРДІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

Авторлар

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті
https://orcid.org/0000-0001-6541-6806
Халықаралық білім беру корпорациясы
https://orcid.org/0009-0000-5730-7407
Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті
https://orcid.org/0009-0006-0652-3082
Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті
https://orcid.org/0009-0005-5078-2412
Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті
https://orcid.org/0009-0009-2236-559X
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
https://orcid.org/0000-0002-2062-182X

Кілтті сөздер

лазерлік терапия, диабеттік ретинопатия, математикалық модельдеу, температура, лазер параметрлері, дифференциалдық теңдеулер

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.27-740

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Сапақова , С., et al. «ДИАБЕТТІК РЕТИНОПАТИЯНЫ ЕМДЕУДЕ КӨЗ ТҮБІ ТІНДЕРІНЕ ЛАЗЕРЛІК ӘСЕРДІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 27, Червень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.2.27-740.

Аңдатпа

Бұл жұмыс диабеттік ретинопатияны емдеуде лазерлік терапияны оңтайландыру мақсатында көздің түбі тіндеріне лазерлік әсерді математикалық модельдеуге арналған. Мақалада тіндердегі температураның таралуын модельдеу әдістері және лазердің параметрлерін пайдалана отырып, көз торына (сетчаткаға) тиімді әсер ету жолдары қарастырылады. Зерттеу барысында лазерлік әсер кезінде жылу өткізгіштігін сипаттайтын дифференциалды теңдеулер және жылу әсерлерін болжауға арналған арнайы математикалық модельдер қолданылды. Моделдер лазерлік энергияның терең тіндерге таралуын, сонымен қатар лазердің әсерін бақылауды оңтайландыруды қамтамасыз етеді. Зерттеуде уақыт пен тереңдік бойынша температураның таралуын модельдеуге ерекше көңіл бөлінді, бұл лазердің параметрлерін (қуаты, импульс ұзақтығы, қарқындылығы) дәл баптауға мүмкіндік береді. Моделдеу нәтижелері тіндердің беткі қабаттарында температураның айтарлықтай тез көтерілуі және терең қабаттарда баяу таралуы байқалғанын көрсетті, бұл лазерлік әсерді дәл бақылаудың маңыздылығын растайды. Мақалада көз ауруларын емдеуде лазердің параметрлерін дұрыс таңдаудың маңыздылығы талқыланады, әсіресе диабеттік ретинопатияны емдеуде. Ұсынылған модельдер офтальмологиядағы лазерлік технологияларды әрі қарай дамытуға және лазерлік терапияның қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, лазерлік әсерді тиімді қолдану үшін қосымша зерттеулер мен эксперименттер қажет екені көрсетілген.