Меню
Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 157
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл мақалада әртүрлі жауарлар мен тауық еті және субөнімдерінің физика-химиялық көрсеткіштері, рН сутек иондарының концентрациясы, өнімдердің ылғалды байланыстыру қабілеті және кесу кернеуін зерттеу көрсеткіштері мен нәтижелері көрсетілген. Тартылған ет өнімдерінен сынама алынып олардың химиялық құрамын, ылғалды байланыстыру қабілетін, ортаның белсенді қышқылдылығы (рН) және кесу кернеуін анықтау стандартты әдістермен жүргізілді. Бұл субөнімдердің химиялық зерттеу нәтижелері бойынша ақуыздың ең жоғарғы көрсеткішті жылқы жүрегі (20,48 %), майлылығы ең төменгі көрсеткішке қойдың бауыры (3,09 %), күлі ең жоғарғы сиыр жүрегінде (3,08 %) болды. Ылғалды байланыстыру қабілетін зерттеу барысында ең төменгі көрсеткішті тауық бауыры (22,7 %), ал ортаның белсенді қышқылдылығын (рН) анықтаған кезде, ең жоғарғы көрсеткішті сиыр, жылқы, қой қарыныдары (6,6) тең көрсеткішке ие болды. Сынамаға алынған (рН) нәтижелері бойынша балғын еттің жарамдылығын көрсетті. Қой еті мен тауық етінің кесу кернеуін анықтау кезіндегі көрсеткіш нәтижелері бойынша тауық еті (182,0) кПа сынамасы көрсетсе, қой еті (177) кПа сәйкес төмен екендігі анықталды. Нәтижелер өңдеу процестерін оңтайландыруда және тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін өнімдерді әзірлеуде ет өнеркәсібі үшін пайдалы болуы мүмкін.