Экономика, бизнес және қызмет көрсету

Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 189

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН САҚТАУ, ТАРАТУ ЖӘНЕ САТУ ҮШІН ЛОГИСТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ОРНАЛАСТЫРУДЫ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

Авторлар

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
https://orcid.org/0000-0001-9463-4933

Кілтті сөздер

логистикалық инфрақұрылым, таңдау және орналастыру критерийі, көтерме-тарату орталығы, көліктік және қоймалық қолжетімділік, көлік және қойма желісі, факторлық және кластерлік талдау, агроазық-түлік өнімдерін сақтау, тарату және сату, тез бұзылатын өнім

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.27-734

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Сыздықбаева, Б. «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН САҚТАУ, ТАРАТУ ЖӘНЕ САТУ ҮШІН ЛОГИСТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ОРНАЛАСТЫРУДЫ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 27, Червень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.2.27-734.

Аңдатпа

Мақалада өзіндік әдіснамалық тәсілді қолдана отырып ел аумағында агроазық-түлік өнімдерінің логистикалық инфрақұрылымын: сақтау қоймаларын, агроазық-түлік өнімдерін сақтау, өткізу және сату жөніндегі көтерме-тарату орталықтарын орналастыруды жобалауды зерттеу және оны орналастырудың әлеуетті орындарын анықтау нәтижелері, сондай-ақ олардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға ықпал ететін қызмет көрсету аймақтары қарастырылады.

Зерттеулер индикаторларды стандарттау әдістерін, кластерлік, корреляциялық-регрессиялық, факторлық талдауды, ауырлық центрінің әдістерін, рейтингтерді қолдана отырып жүргізілді. Мақалада, ұсынылған тәсілдің жүзеге асырылуы Қазақстанның 204 әкімшілік аудандары мен қалаларының статистикалық деректерін пайдалану мысалында көрсетілген.

Зерттеудің бірінші кезеңінде ұсынылған критерийлер негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін тарату орталықтарын орналастырудың әлеуетті орындары анықталды. Логистикалық инфрақұрылымды орналастыру орындарын таңдау критерийлерін анықтау мақсатында факторлық талдау жасалынып жаңа факторлар қалыптастырылды. Кластерлік талдау аумақтарды саралауға және олардың мамандануына байланысты оларды орналастыру үшін логистикалық инфрақұрылымның сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік берді.

Екінші кезеңде әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағындағы объектілердің логистикалық инфрақұрылымын орналастырудың және географиялық байланыстырудың әлеуетті орындары нақтыланды.

Үшінші кезеңде салмақ коэффициенттері мен логистикалық инфрақұрылымдардың орналасу тартымдылығының интегралды көрсеткіші көмегімен өңірлердің аумағында әлеуетті орналастыру орындарына сәйкес сақтаудың, өткізудің және сауданың логистикалық инфрақұрылымына қызмет көрсету аймағы айқындалды.

Ұсынылған тәсіл, бұрынғылардан айырмашылығы, сақтау, сату және сауда инфрақұрылымының жұмыс істеу ерекшеліктерін ескереді, бұл объектілерді аймақтардағы көліктік және қоймалық қолжетімділікпен байланыстырады.