Меню
№ 1 (26) - 2025 / 2025-03-31 / Көрілім саны: 19
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Логистикалық инфрақұрылым үшін оңтайлы орынды таңдау сапаны, өнімнің қауіпсіздігін, тұтынушылардың қанағаттану деңгейін арттыруға және шығындарды азайтуға көмектеседі.
Мақалада логистикалық инфрақұрылымның: ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау қоймалары, сақтау, өткізу және саудалау көтерме-тарату орталықтарының ықтималды орындарын қалыптастыру мен анықтаудың әдіснамалық тәсілі, сондай-ақ олардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға ықпал ететін қызмет көрсету аймақтары қарастырылады.
Ұсынылып отырған тәсілдің бұрын қолданылып жүргендерден айырмашылығы, сақтау, өткізу және сауда инфрақұрылымының қызмет ету ерекшеліктерін ескереді және бұл объектілерді өңірлердегі көліктік және қоймалық қолжетімділікпен өзара байланыстырады.
Ұсынылған әдістеме таңдалған кластерлерге байланысты өнімдерді сақтауға арналған логистикалық инфрақұрылымның әлеуетті сипаттамаларын анықтауға; сақтауға, өткізуге және саудалауға арналған өңірлік логистикалық инфрақұрылымдардың әлеуетті орындары мен санын анықтауға, сондай-ақ олардың функционалдық мақсатын ескере отырып, олардың қызмет көрсету аймақтарын анықтаға мүмкіндік береді.
Ол логистикалық инфрақұрылымды жобалау, оны салу және пайдалану кезінде сараланған инвестициялық саясатты жүзеге асыру процесінде маңызды ақпарат көзі болып табылады.