Меню
№ 1 (18) - 2023 / 2023-04-04 / Көрілім саны: 127
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Жұмыста жер бетінің ғарыштық суреттерін өңдеу үшін оптикалық-электронды жүйені қолданудың өзектілігі көрсетілген. Эксперименттік зерттеулердің мақсаты жер бетінің ғарыштық суреттерін өңдеу кезінде оптикалық-электронды жүйені қолдану әдістемесін әзірлеу болып табылады. Соңғы онжылдықтарда геоақпараттық жүйелер өте белсенді дамып келеді, бұл өз кезегінде ғарыштық суреттердің сапасына жоғары талаптар қояды.
Ғарыштық суреттердің сапасын жақсарту мәселесі бірнеше жолмен шешілуі мүмкін. Техникалық тұрғыдан алғанда, кеңістіктік ажыратымдылығы өте жоғары заманауи түсірілім аппараттарын пайдалану қажет. Сондай-ақ жер бетінің ғарыштық суреттерін өңдеу кезінде оптикалық-электрондық жүйені қолдану әдістемесін жетілдіру қажет.
Мақалада ультра жоғары ажыратымдылықтағы оптикалық-электронды ғарыштық жүйелер, олардың техникалық сипаттамалары, жабдықтары және жалпы құрылыс схемасы талданады. Телескоптың түсірілім объектілеріне қайта бағытталу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін моментті басқару гироскоптарын қолдану арқылы бағдарлау жүйесіндегі өнімділікті арттыру мүмкіндіктері қарастырылады