Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 226

АҒАШ ҚАЛДЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ КОМПОЗИТТЕРДІ ЖАСАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ

Авторлар

«URBAN GROUP» ЖШС
https://orcid.org/0000-0002-0979-0665
«Экологиялық және өнеркәсіптік биотехнология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
https://orcid.org/0000-0001-7822-0263
«Экологиялық және өнеркәсіптік биотехнология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
https://orcid.org/0009-0000-6205-7721
Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ
https://orcid.org/0000-0003-0656-239X
Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ
https://orcid.org/0000-0002-9844-6291
«URBAN GROUP» ЖШС
https://orcid.org/0009-0006-3649-0509
Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ
https://orcid.org/0000-0001-6743-8953

Кілтті сөздер

арболит, ағаш қалдықтар, минералды байланыстырғыштар, жылу оқшаулау материалдары, ЖЭС күлі, кологиялық таза құрылыс материалдары, отқа төзімділік

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.27-704

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Ильмалиев , Ж., et al. «АҒАШ ҚАЛДЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ КОМПОЗИТТЕРДІ ЖАСАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 27, Червень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.2.27-704.

Аңдатпа

Мақала ағаш органикалық толтырғышы мен минералды байланыстырғыш негізінде жасалған жеңіл ірі кеуекті бетон - арболитті әзірлеу мен өндіруге арналған. Онда өндірісті дайындау кезеңдері, өндіріс технологиялық үдерісі және арболиттің құрылыста қолданылу ерекшеліктері қарастырылған. Мақалада арболиттің жылу және дыбыс оқшаулау, отқа төзімділік, биологиялық тұрақтылық және беріктік сияқты артықшылықтарына назар аударылады. Бұл оны аз қабатты құрылыс пен өрт қаупі жоғары аймақтарда қолдануға болашағы зор етеді.

Зерттеудің маңызды аспектілерінің бірі ретінде жылу электр станцияларының (ЖЭС) күлін минералды қоспа ретінде қолдану ұсынылған. Бұл өндіріс шығындарын азайтуға және өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Эксперименттік мәліметтер арболит блоктарының құрамына күл қосылған жағдайда, физикалық-механикалық қасиеттерінің құрылыс талаптарына сәйкес келетінін көрсетеді.

Зерттеулер өндірістің қауіпсіздігі, соның ішінде ағаш қалдықтарын қайта өңдеу және улы емес компоненттерді пайдалану мәселелерін де қамтиды. Мақалада сипатталған арболит өндірісі технологиясы қарапайым әрі тиімді, бұл оны Қазақстанның құрылыс саласында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері арболиттің құбылмалы климат жағдайында және жылу оқшаулауға жоғары талаптар қойылатын жерлерде қолданылуының өзектілігін көрсетеді