Меню
№ 1 (18) - 2023 / 2023-04-04 / Көрілім саны: 131
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Андапта. Мақалада, Атырау мұнай өңдеу зауытына жеткізілетін мұнайды темірден экстракция арқылы тазартуды зерттеу нәтижелері берілген. Экстрагент ретінде көп функциялы 1 және 2 реагенттер пайдаланылды. Экстракцияға дейін және одан кейінгі мұнайдағы, сондай-ақ жұмыс ерітіндісіндегі-экстракта темір мөлшерін анықтау индуктивті байланысқан плазмалық атомдық эмиссиялық спектрометрия арқылы жүзеге асырылды. Мұнай өңдеу процесінің әртүрлі кезеңдерінде (сынама алу нүктелерінде) темірдің тұрақсыз мөлшерлері анықталды. Көпфункционалды реагент-2 мұнайдан темірді сіңірудің жоғары тиімділігін (85%-дан астам) көрсетті. Темір-концентрлі жұмыс ерітіндісі-экстракт құрамында металл бар әлеуетті шикізат болып табылады. Каталитикалық крекинг қондырғысына жіберілгенге дейін мұнайдағы темір мөлшерін айтарлықтай төмендеуі қымбат катализаторлардың қызмет ету мерзімін арттырады, бұл мұнай өңдеу өнеркәсібінің экономикалық көрсеткіштеріне оң әсер етеді.