Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

№ 1 (26) - 2025 / 2025-03-31 - 2025-03-31 жаңартылды / Көрілім саны: 34

АНЫҚ ЕМЕС ЛОГИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАТЕРДІ БАҒАЛАУ МОДЕЛІ

Авторлар

Astana IT University
https://orcid.org/0000-0002-5715-4954
Astana IT University
https://orcid.org/0009-0002-3377-7003
Қазтұтынуодағы Қарағанды университет
https://orcid.org/0009-0000-3268-867X
Қазтұтынуодағы Қарағанды университет
https://orcid.org/0000-0001-9273-7402

Кілтті сөздер

өнеркәсіптік заттардың интернеті, тәуекелді бағалау, лингвистикалық айнымалылар, қауіптер, анық емес логика

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.26-658

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Амирова, А., А. Құттыбек, Т. Есмагамбетов, і М. Есмагамбетова. «АНЫҚ ЕМЕС ЛОГИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАТЕРДІ БАҒАЛАУ МОДЕЛІ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 26, Березень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.1.26-658.

Аңдатпа

Мақалада өнеркәсіптік заттардың интернеті (IIoT- Industrial Internet of Things) ортасындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселесі қарастырылады. IIoT - тегі ақпараттық қауіпсіздік қатерлерді бағалау бірқатар факторлармен қиындайды: жүйенің күрделілігі мен біртектілігі, жүйенің динамикасы, таратылған желілік инфрақұрылым, стандарттар мен нұсқаулықтардың болмауы, сондай-ақ қауіпсіздіктің бұзылуының жоғарылауы. Осы сынды факторларды ескере отырып, IIoT-те ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін бағалау белгілі бір жүйе мен саланың ерекшеліктері мен талаптарына бейімделген кешенді тәсілді қажет етеді. Қатерлерді бағалаудың мамандандырылған әдістерін қолдану және жүйенің контексті мен ерекшеліктерін ескеру қажет. Анық емес жиындар теориясының математикалық аппаратына негізделген IIoT-те ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін бағалау әдісі ұсынылған. Бұл мақалада IIoT жүйелеріне ақпараттық қауіпсіздік қатерлеріне талдау жүргізілді, оның ішінде ең маңызды критерийлер таңдалды. Шешімдердің негізінде қабылданатын ережелер кіріс параметрлері бар логикалық формулалар түрінде тұжырымдалады. Үш анық емес қорытындылар жүйесі қолданылады: біріншісі қауіптің туындау ықтималдығын бағалау үшін, екіншісі ықтимал залалды бағалау үшін және соңғысы IIoT жүйесі үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерді бағалау үшін. Ұсынылған әдіс негізінде IIoT ортасында ақпараттық қауіпсіздік қатерлерді бағалауды есептеу мысалдары келтірілген. Ұсынылған ғылыми тәсіл IIoT жүйелерін жобалау үшін сараптамалық шешімдерді қолдау жүйелерін құру үшін негіз бола алады

Нұсқалар