Меню
№ 4 (25) - 2024 / 2024-12-31 / Көрілім саны: 11
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақалада бастапқы шикізаттың (көмір және жоғары тұтқыр мұнай) техникалық және элементтік құрамы алдын-ала жүргізіліп, шикізат шайырының физика-химиялық көрсеткіштері анықталды. Көмір мен тұтқырлығы жоғары мұнайдың бірлескен пиролизі әртүрлі мұнай қоспаларында 5-30% аралығында жүзеге асырылды. Тәжірибелер алюминий ретортында 520 °C-ге дейін жүргізілді, нәтижесінде шайыр, пиролиз газы және жартылай кокс сияқты өнімдер пайда болды. Сонымен қатар, мұнай мен пиролиз газының шығымдылығының ең үлкен салыстырмалы өсімі жоғары тұтқыр мұнай қоспасында байқалды, ол 20%-ды құрайды, бұл термиялық өңдеу процесінде көмір мен мұнай фракцияларының өзара әрекеттесуіне негізделген синергетикалық әсерге байланысты.